Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қызылордада карантин кезінде техника бөлшектерін сататын компаниялардың тізілімі жасалды
Көктемгі егіс жұмыстарына байланысты кәсіпкерлердің өтініші бойынша Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы техникасына арналған қосалқы бөлшектерді сатумен айналысатын кәсіпкерлердің тізілімі қалыптастырылды. Аталған компанияларға төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілген, олар ауылшаруашылық техникаларына қосалқы бөлшектерді сатумен айналысады.
Бұл ақпаратты кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, облыстық штаб мүшесі Пирмухаммед Сыздықов айтты, деп хабарлады «Атамекен».
«Қазіргі уақытта карантин жағдайына қарамастан, егіс алқаптарында егін егу жұмыстары басталды. Ертең азық-түлік бағасының көтерілмеуі үшін, біз қазірден бастап қам жасап, ойлануымыз керек. Өңірде карантин басталғалы кәсіпкерлік қызметтің барлық салалары қиындыққа тап болды. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласының кәсіпкерлері. Өздеріңіз білесіздер, бұл мәселе Үкіметтік деңгейде көтеріліп, көктемгі-егіс жұмыстарына жағдай жасалуда. Атап айтсақ, табиғатты қорғау қызметін жүргізу жұмыстары, мал дәрігерлік жұмыстар, ауыл шаруашылығы, соның ішінде ара өсіру жұмыстарымен айналысатын тұлғаларға карантин жағдайында қозғалуға рұқсат етілген. Енді ауыл шаруашылығы техникасына қатысты қиындықтар пайда болды. Жұмыс істеп жатқан техника істен шығып, бұзылуда. Кәсіпкерлер қосалқы бөлшектерді таба алмай әуре сарсаңға түседі, аталған саладағы барлық сауда орындарын қазіргі кезде жабық», — деді ол.
Аталған тізімдегі компаниялар 23 сәуірден бастап қызмет көрсете алады. Олардың жұмыс істеу уақыты сағат 10.00-15.00-ге дейін, бірақ жұмыс барысында барлық карантин талаптарын орындаулары тиіс.
Тақырыпты оқу: Қазақстанда ауыл шаруашылық техника бөлшектері күрт қымбаттады
Айта кетсек, елдегі теңге бағамының құлдырауына байланысты дилерлер техника бөлшектерінің бағасын 30%-ға қымбаттатты.