Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Мұнай бағамының құлдырауына байланысты Еуропада рапс арзандады, деп хабарлады сарапшылар
2020 жылдың 10 наурызында ЕО нарығында рапстың күрт арзандауы мұнай бағамының құлдырауымен байланысты, деп жазды Agritel сарапшылары.
2020 жылдың 10 наурызындағы жағдай бойынша ЕО нарығындағы рапстың күрт арзандауы мұнай бағасының құлдырауына байланысты, деп хабарлайды сарапшы мамандар.
Мұнай өндіруші елдер ұйымы (ОРЕК) және Ресей мұнай өндіру көлемін азайту жайлы Сауд Арабиясы тарапынан жасалған баға саясатымен келісе алмады, соның салдарынан әлемдік экономика айтарлықтай бәсеңдеді.
Атап айтқанда, әлемдік нарықта рапс бағасы арзандады.
2020 жылдың 8 наурызында ЕО –да 4,33 млн тонна рапс импортталды, ал өткен 2019 жылы осы мерзімде 3,07 млн тонна шығарылған еді.
Сонымен қатар, Strategie Grains сарапшыларының бағалауы бойынша, 2020 жылы Еуропалық Одақта рапс өндірісі 19 млн тоннаға дейін төмендеуі мүмкін, себебі құрғақ ауа райы егіс жұмыстарына кедергі келтіріп, аталған дақыл алқаптарының қысқаруына алып келді.
Естеріңізге сала кетейік өткен аптаның соңында ОРЕК+ Ресей мен Сауд Арабиясының мұнай өндіруді қосымша қысқарту мәселесі бойынша келісімге келе алмау позициясына байланысты қара алтын бағамы құлдырады. Brent қоспасымен мұнайдың бағасы дүйсенбі күні 24% - ға дейін түсті, барреліне $34,57 -ге дейін төмендеді, ал Техас маркалы WTI 25% - ға, бір баррель $31,26-ға дейін түсті.