Коронавирус салдарынан әлемде азық-түлік бағасы төмендеді — FAO
Маңызды азық –түлік тауарларының халықаралық бағасын ай сайын қадағалайтын FAO мәліметі бойынша, тамақ бағалары индексінің орташа мәні бір айда 172,2 орынға тұрды, бұл ақпан айымен салыстырғанда 4,3 пунктке төмен болып есептеледі.
Бұл туралы ақпаратты FAO хабарлады.
Наурыз айында азық-түлікке деген әлемдік бағаның төмендеуі COVID-19 пандемиясының салдарынан болып отыр. Аталған жағдайда сұраныс азайған және мұнайдың әлемдік бағасы түскен. Мұның барлығы ел үкіметтерінің енгізген шектеулерінен экономикалық қарқын баяулағандығын көрсетеді, ол денсаулықты сақтау саласындағы дағдарыстың алдын алу үшін жасалуда.
«Әдетте бағаның құлдырауы ұсынысқа тәуелді емес, негізінен сұранысқа байланысты болады. Ал сұраныс факторларына экономикадағы нашарлап бара жатқан жағдай және алдағы перспективалар әсер етеді»,- деді FAO экономисі Абдолреза Аббассиан.
Тақырыпты оқу: Коронавирустың әсері :АӨК үшін оның зардаптары (жаңарып тұрады)
Мысалы елдегі қант бағасы өткен аймен салыстырғанда 19,1% - ға төмендеген. Себебі аталған азық-түлікті тұтынуға сұраныстың төмендеуімен, сондай-ақ шикі мұнай бағасының күрт түсуі салдарынан этил спиртін өндірушілер тарапынан сұраныстың азаюымен байланысты.
Қазіргі уақытта өсімдік майының да баға индексі 12% - ға төмендеді, себебі шикі минералды майларға бағаның күрт қысқаруы әсер етті. Әлемдегі пандемия салдарына байланысты өсімдік майларына, пальма майына бағаның құлдырауы себеп болып отыр.
COVID-19 таралуын болдырмауға қатысты шектеу шаралары салдарынан сүт өнімдерін жеткізу жолдары қазіргі уақытта қиын болып тұр. Сондықтан да майсыз және құрғақ сүт импортына әлемдік сұраныс төмендеп, сүт өнімдерінің баға индексі 3%-ға түсті.
Астық бағасы 1,9% -ға дейін арзандап, былтырғы жылдың ақпан айымен салыстырғанда, 2019 жылдың наурыз айындағы көрсеткіштей болды.
«Халықаралық деңгейдегі бидай бағасы төмендеді. Себебі ірі көлемдегі әлемдік деңгейдегі астық жеткізілуі қиындаған, сонымен қатар Солтүстік Африка тарапынан импорттық сұраныстың өсуінен және Ресей Федерациясы енгізген экспортқа қойылған шектеулерге байланысты болып отыр.
Сонымен қатар, биоотын секторында ұсыныс пен сұраныстың айтарлықтай азаюына байланысты жүгерінің бағасы күрт төмендеді. Алайда күріштің халықаралық деңгейдегі бағасы керісінше үшінші ай қатарынан пандемия қауіптеріне қарамастан және Вьетнамның экспортқа тыйым салуына байланысты баға өсіп келеді», — деп хабарлады FAO.