COVID-19 пандемиясынан әлемде аш адамдар саны артады
Жыл сайын жасалатын «Азық-түлік дағдарыстары туралы жаһандық баяндаманы» БҰҰ Халықаралық альянсы, үкіметтік және үкіметаралық агенттіктер төртінші рет жариялады. Құжатта 2019 жылғы жағдай сарапталып, 2020 жылға болжам жасалады.
Тақырыпты оқу: Қазақстан аграршыларды дағдарыс кезінде қалай қолдады
Сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы жылдары әлемде азық-түлік жағдайы үнемі нашарлауда. Соның нәтижесінде 2019 жылдың соңында дүниежүзіндегі 55 ел мен аймақтағы 135 млн адам аштықтың зардабын шегуде.
Негізінен аштық жайлаған елдер Африка, онда — 73 млн адам аштықпен алысуда. Одан кейін Орта Шығыс пен Азия — 43 млн, Латын Америкасы мен Кариб бассейні — 18,5 млн, Еуропа — 0,5 млн. Белгілі елдер арасында мұндай қиын жағдай Йеменде өте көп, онда — 15,9 млн, Конго Демократиялық Республикасында — 15,6 млн, Ауғанстанда — 11,3 млн, Венесуэлада — 9,3 млн, Эфиопияда-8 млн адам аштық құрсауында отыр.
Сонымен қатар, 47 елде 183 млн адам шекара маңайында, стресстік жағдайда өмір сүріп, жеткілікті мөлшерде тамақтана алмай, қиын жағдайда тұрып жатыр.
Азық-түлік дағдарысын тудыратын басты себеп жылдан жылға көбейіп жатқан әскери қақтығыстар болып қала береді. 2019 жылы бұл фактор 22 елде 77 млн адамға әсер етті. Сондай-ақ экстремалды ауа райы жағдайының рөлі (олар 25 елде 34 млн адамға әсер еткен) және экономикалық күйзеліс (8 елде 25 млн адам) өсуде.
Баяндама авторларының айтуы бойынша, 2020 жылға арналған қысқа мерзімді болжамға сәйкес, Йемендегі қақтығыстың салдары, макроэкономикалық дағдарыс, климаттық өзгерістер және ауыл шаруашылығы дақылдары зиянкестерінің ауқымды таралуы сияқты келеңсіз факторлар қиындықтарға әкеледі. Африканың басқа өңірлерінде де тұрақсыз жағдай жалғасуда.
Сарапшылар Таяу Шығыс пен Азияның ең проблемалы аудандарында болып жатқан әскери қақтығыстар мен ұлттық валюталардың құнсыздануынан қауіптенуде.Сондай-ақ, халық әлеуметтік-саяси күйзелістерден, экстремалды ауа райы жағдайларынан зардап шегуде. Латын Америкасы мен Кариб бассейніндегі жағдайдың да жақсаратын түрі жоқ сияқты. Осының бәрі жұмыссыздықтың күшеюі мен азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі.
Тақырыпты оқу: Коронавирустың әсері :АӨК үшін оның зардаптары (жаңарып тұрады)
2020 жылы Азық-түлік қауіпсіздігіне әсер ететін маңызды фактор-COVID-19 пандемиясы. Экономиканың барлық секторларының тұтастай карантинге жабылуы көп адамдарды өмір сүру қаражатынан айырады, ал жаһандық рецессия азық-түлік жеткізу жағдайына елеулі зиян келтіреді. Әсіресе бұл кезеңде ауыл шаруашылығымен айналысатын адамдарға кедергілер келуде, яғни маусым кезінде жұмыс істеушілер жапа шегуде.