Түрік компаниясы Қазақстандағы көкөніс бизнесіне 30 млн доллар инвестиция салады

Saraylım Tarım түрік компаниясы Қазақстанда көкөніс қоймасының құрылысына және көкөністерді өңдеуге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлымен кездесуде компанияның басқарма төрағасы Ылыджа Мустафа хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Sarayli Tarim қуаты 5 мың тонна көкөніс қоймасын салуға мүдделі. Жобаның құны шамамен 15 млн доллар.

Сондай-ақ сірке суы мен көкөніс консервілерін өндіруді жолға қою ниеті бар. Жобаға салынған инвестиция сомасы 15 млн долларды құрайды.

Ылыджа Мустафа жоба Алматы облысында іске асырылатынын, Қазақстандық серіктес анықталғанын хабарлады.

Өз кезегінде вице-министр инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау, көзделген субсидиялар, жеңілдіктер мен преференциялар туралы айтып берді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруға барынша қолдау көрсетуге дайын», - деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Saraylim Tarim Түркиядағы жемістер мен көкөністерді сақтау саласындағы жетекші компания болып табылады. Кәсіпорынның қойма үй-жайларын сақтау қуаты жылына 14 мың тонна жемісті, қайта өңдеу қуаты жылына 35 мың тоннаны құрайды. Saraylim Tarim өнімдері әлемнің 18 еліне экспортталады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.