Мәжіліс депутаттары үкіметке техника қалдықтары үшін төленетін алымды тоқтату туралы өтінішпен жүгінді

Мәжіліс депутаттары үкіметке Қазақстанда жасалмаған ауыл шаруашылық техникаларын пайдалану кезіндегі төлемді алып тастау туралы өтініш айтып, жүгінді. Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жолданған сауалды бүгін депутат Мұрат Теміржанов айтты. Өз әріптестерін үш фракцияның тағы 13 депутаты және ҚХА қолдады, олар өтінішке өз қолдарын қойды.

Депутат М.Теміржанов Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы импортталатын ауыл шаруашылық техникаларының барлық түрлерін пайдалануда алынатын төлемді енгізген бұйрығы ел басшылығының агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру туралы нұсқауларына кедергі келтіретіндігін айтты.

«Трактор қалдықтары үшін максималды мөлшерлеме - 11 млн.теңге, комбайндар үшін - 12,5 млн.теңге. Мысалы, өнімділігі 161-ден 220 ат күшіне дейін болатын техниканы пайдалану төлемі 18% құрайды, яғни бұл техниканың құны 36 миллион теңге болса, минималды пайдалану төлемі 6,4 миллион теңге болады», - деді депутат.

Сонымен бірге мұндай бағаның өсуі сөзсіз өнімнің өзіндік құнына әсер ететіндігін баса айтты.

Депутаттар Қазақстандағы ауыл шаруашылық техникаларының әбден тозғандығын ескертті және бүкіл машина-трактор паркінің 80 пайызын құрайтындығын жеткізді. Ал темір қалдыққа төлем енгізу фермерлер үшін қиын болатынын айтты. Оларды қазіргі заманғы жоғары өнімді техника алудан айыратындығын, сонымен қатар олардың техника сатып алу үшін  қаражат салу мүмкіндігін шектейтіндігін атап өтті.

«Экология министрлігінің пікірінше, қалдықтарды жинаудағы негізгі мәселе-фермерлердің тозған техника қалдықтарын өткізуге асықпайтындығы болып отыр. Жалпы шаруалар мен фермерлер техникаларын тапсырғылары келмейді, себебі олар жаңа көлік сатып ала алмайды. Сондықтан олар ескілерін «жамап», жөндеп ұстауды дұрыс деп санайды. Пайдалану төлемін енгізу арқылы бұл мәселені қалай шешуге болатындығы түсініксіз, бұл өз кезегінде жаңа техниканың құнын автоматты түрде тағы 10-30% -ға қымбат етіп, көтереді», - деп жазылды хабарламада.

Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары Роман Склярға Қазақстанда өндірілмейтін ауыл шаруашылық техникасындағы қалдықтар үшін төлем алуды енгізуді тоқтату туралы өтініш айтып жүгінді. Бұл ретте олар қайта өңдеуге жататын Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылық техникасы модельдерінің нақты тізімін көрсетуді сұрайды.

Депутаттар ауыл шаруашылық техникаларына қатысты қалдықтарды жинаудың базалық мөлшерлемесіне қолданылатын коэффициенттерді қайта қарауды өтінуде, осылайша ЭПР операторының әділ және дұрыс әдісін қамтамасыз ететін болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.