Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қытайлық YTO маркалы тракторлар Қазақстанда шығарылатын болады
Georgian Industrial Group атты грузиялық инвесторлар Қазақстанда қытайлық YTO маркалы тракторлар шығаруды жоспарлап отыр. Ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру туралы келісімге бұл инвесторлармен Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі қол қойған болатын. Бұл туралы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясы хабарлады.
Georgian Industrial Group бұл жобаны Қытайдың мемлекеттік компаниясымен бірлесіп жүзеге асыратын болады. Инвесторлар жыл сайын қуаты 90-нан 130 ат күші болатын 500 трактор шығаруды жоспарлап отыр.
«YTO GROUP – компаниясы SINOMACH мемлекеттік ұлттық корпорациясының бір бөлімшесі. Аталған кәсіпорындар бір-бірімен серіктес компания, Қытайдағы ең ірі 15 компанияның бірі. Мұндай жабдықтардың Қазақстанда өндірілуі ауыл шаруашылық машиналарының индустриясы мен агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына серпін береді деп сенемін», - деп түсіндірді ЧК Kazrost Engineering Ltd директоры Дарын Иманмусаев.
Биыл наурыз айында KAZAKH INVEST қолдауымен инвесторлар арнайы инвестициялық келісімшартқа қол қойды, аталған құжат компанияны кедендік баж салығы мен ҚҚС-тан босатады. Жобаға салынатын жалпы инвестиция көлемі $5 млн құрайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: DEUTZ-FAHR техникасын Қазақстанда құрастыратын болады
Алғашқы тракторлар осы жылдың мамыр айынд шығады деп жоспарлануда. Бұл өндірісте 50 тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
«Қазіргі таңда Қазақстандағы ауыл шаруашылық машиналары паркінің тозу деңгейі шамамен 76% құрайды. Бұл көңіл көншітпейтін көрсеткіш. Агроөнеркәсіптік кешенді ілгері дамыту үшін жоғары сапалы ауыл шаруашылық техникасы қажет. Бұл өнімділікті арттырады, өнімімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», - деді «KAZAKH INVEST » ҰК жобасының менеджері Айнұр Жұмабаева.