Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Deutz-Fahr ауыл шаруашылық техникалары Қостанайда құрастырылатын болады
Қостанайда итальяндық SDF group трансұлттық холдингінің президенті Л.Бусоллати және Қостанайда орналасқан «Агромаш Холдинг КЗ» АҚ президенті Андрей Лаврентьев 26 наурызда әлемге танымал Deutz-Fahr брендімен оауыл шаруашылық тракторлар мен комбайндарды құрастыру туралы келісімге қол қойды. Жаңадан салынатын «Агромаш Холдинг KZ» өндірісі «Қазақстанда Италиямен бірге жасалған» деген брендпен шығарылатын болады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Қазақстандық аграршылар еуропалық стандарттар бойынша жасалған сапалы және жоғары технологиялы отандық тракторлар мен комбайндарды сатып ала алады. Бұл жобаның ерекшелігі, әлемдегі пандемияның карантиндік шектеулеріне қарамастан, ҚР-дың Италия Республикасындағы Елшілігінің бастамасымен бірнеше онлайн-келіссөздер ұйымдастырылды және екі елдің өкілдері аталған келісімге қол қоятын кезде ғана кездесті, - деп атап өтті СІМ.
Тақырыпқа байланысты оқу: John Deere 9R серилы тракторларды шығара бастайды
SDF group Бұл – итальяндық трансұлттық холдинг, тракторлар, комбайндар мен дизельдік қозғалтқыштар өндіретін танымал компанияның бірі. Аталған холдингтің Қытай, Түркия, Үндістан, Германия, Франция, Италия және Хорватияда 8 фабрикасы бар, Еуропа мен Азияда 12 еншілес компаниясы, Ресей мен Қытайда 2 бірлескен кәсіпорны және әлем бойынша 3100-ден астам дилері бар. SDF group SAME (Италия), Lamborghini Trattori (Италия), DEUTZ-FAHR (Германия), Hürlimann (Швейцария) және Grégoire (Франция) сияқты 5 дүниежізіне танымал брендтері бар. SDF group - бұл ауыл шаруашылық техникаларын өндіретін ең ірі 5 алпауыт компанияның бірі, сонымен қатар Италиядағы ең ірі 5 инвестордың бірі болып табылады. SDF штаб-пәтері Тревильода 1942 жылы SAME (Società Accomandita Motori Endotermici) деген атпен құрылған болатын.