Күздік дақылдар суық мезгілден жақсы өтті

«Қазгидромет» мамандары жүргізген бақылау жұмыстарының нәтижесі бойынша Түркістан облысындағы күздік дақылдардың өсу жағдайы жақсы деңгейде екендігін атап өтті. ҚР-дың батыс аймақтарында егілген дақылдардың шығымы жақсы болуда. Бұл мәліметтер наурыз айының екінші онкүндігіне арналған агрометеорологиялық шолуда айтылады.

«Түркістан облысында қадағалау жүргізілген аудандарда күздік дақылдардың вегетациялық –жаңару кезеңі өтуде. Күздік бидайдың өсу жағдайы барлық жерде жақсы, Шымкент метеорологиялық станциясы мен Екпенді посты маңында қанағаттанарлық, даму кезеңі: өркендер шығап,3-ші жапырақтары өсуде. Дақылдардың орташа биіктігі 4-6 см-ге жетеді, 1 шаршы метрде өсімдіктердің саны 155-тен 358-ге дейін жетеді», - деп хабарлады синоптиктер.

Батыс Қазақстан облысында наурыздың екінші онкүндігінде ауа температурасы шамалы көтерілді, қар жамылғысы 25-32 см болды.Мұндай ауа райының жағдайлары күздік дәнді дақылдардың қыстап шығуына әсер етеді.

Тақырыпқа байланысты оқуДамир Қалдыбаев: Тұқым егудегі жауапты кезеңді фермерлердің мойнына артып қоюдың қажеті жоқ

Алматы облысында күздік бидайдың топырақ қабатындағы (3 см) емпературасы 0 ˚C-тен -6 ˚C-қа дейін, Жамбыл облысында 0˚C және Түркістан облысында 0 ˚ C –тен +1 ˚C-қа дейін болды.

Сонымен қатар, Түркістан облысында жоңышқа сабағы шыға бастаған. Шөптердің шығысы негізінен жақсы, ал кейбір жерлерде қанағаттанарлық, шөптердің биіктігі 3-6 см жетеді, 1 шаршы метрге шаққандағы есеп бойынша өсімдіктердің саны 115-тен 427 данаға дейін жетеді.

Жалпы, наурыздың екінші онкүндігінде күздік дақылдар өсетін аймақтарда ауа температурасы қалыпты деңгейден төмен болды: республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 1-7˚С, батысында 2-6˚С болды. Жауын-шашын барлық жерде жауды, оңтүстік облыстарда жауын мөлшері онкүндікте нормадан асып түсті, республиканың батысында нормаға жақын болды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.