Қазақстанда ылғал тапшылығына қалай бейімделуде

Жыл өткен сайын Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы егістік алқаптарын суару мәселесі қиындап келеді. Бұл жағдайды жақсарту үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ылғалды көп жұмсалатын дақылдарды егуді азайтып, оның орнын басқа өнімдермен алмастыруды жоспарлап отыр. 10 жыл ішінде оның көлемін 29 мың гектарға қысқарту жоспарлануда.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда ылғал сүйгіш дақылдардың көлемі 29 мың. гектарға азаяды

Бұл міндеттердің қаншалықты жүзеге асатындығы жайлы суармалы егіншіліктің проблемаларын жақсы білетін сарапшы Бахытжан Дүйсембеков ElDala.kz порталына берген сұхбатында айтты. Соңғы жылдары ол Қызылорда облысында орналасқан - Қазақстанның ең құрғақ аймағы болып саналатын Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш өсіру ҒЗИ институтының бас директоры болып жұмыс істеді. Қазір Бақытжан Дүйсембеков Ontustik агропаркі директорының міндетін уақытша атқарады. Бұл Алматы облысының фермерлері де су тапшылығынан зардап шегуде.

Тақырыпқа байлынсты оқу: Үкімет оңтүстік аудандарда күріш алқыптарын азайтуды тапсырды

-Биылғы егін егу маусымы жаңа басталды, бірақ алдағы егіс туралы болжам көңіл көншітпейді», - деді Бақытжан Дүйсембеков. Себебі елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы ауа-райы жағдайы туралы. «Қазгидрометтің мәліметтері бойынша ылғал аз болады дейді. Жауын-шашын былтырғы маусымға қарағанда тіпті аз мөлшерде түседі, көпжылдық орташа көрсеткіштен шамамен 25% төмен. Сонымен бірге таулы өзендерден толатын табиғи су қоймаларындағы су қоры және еріген қар суы нормадан 56% төмен.

Мұның салдары анық, топырақ еріген суға аз қанығады, бұл көшеттерге әсер етеді, ал жазда суаруға су жеткіліксіз болады. Көктем мен жазда қандай да бір амалмен ылғал болады деген үміт аз.

Көрші елдердегі жағдай бұдан да нашар, бұл біздің ел үшін өте маңызды, өйткені оңтүстік аймақтар көбіне трансшекаралық өзендерге тәуелді. Мысалы, Қырғызстанда су Сырдарияға құятын Тоқтоғұл су қоймасында да су қоры аз.

 

Жағдайға бейімделу

Сарапшылар бұл құрғақшылықты көптен бері айтуда. Қазіргі жағдай төрт жыл бұрын басталған. Су азайса, ол кезең көптеген жылға созылады. Циклдің уақыты шамамен 10 жылға дейін созылуы мүмкін. Сондықтан фермерлер басқа түскен жағдайға бейімделіп, қазіргі ғылым мен техниканың мүмкіндіктерін қолдануға мәжбүр болады.

-Біз ғаламдық климаттың өзгеруінің зардаптарын көбірек байқаудамыз», - деп атап өтті Б.Дүйсембеков. - Бұл барлық аймақтарда бар, бірақ әсіресе Орталық Азияда қатты сезіледі. Атап айтқанда, елдің оңтүстігі тау мұздықтарына тәуелді, олар әдетте ауыл шаруашылық жерлерін суару үшін өзендер мен көлдерді қолданады. Алайда бір кездері Алатау тауларында жаз бойы қар жамылғысы байқалса, соңғы жылдары шілдеде қар көрінбейді. Мұның бәрі ауа температурасының көтерілуінің салдары болып табылады.

Судың жетіспеушілік мәселесі жылдан-жылға арта түседі. Осыған байланысты фермерлер жағдайға қарай бейімделулері керек. Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, қазір ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі айтып отырғандай - өсірілетін дақылдардың түрлерін әртараптандыру қажет, сондай-ақ заманауи ресурстарды үнемдейтін суару жүйелерін қолдану керек.

Тақырыпқа байланысты оқу: Бақша өнімдерінің әр гектарынан фермерлер 3 млн пайда тапты

Мұндай жағдайда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі дақылдардың әртүрін өсіретін әртараптандыру құралдарын түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Ылғал сүйгіш дақылдарды азайту қажет екендігі фермерлердің өздеріне түсінікті. Енді біз бұған көмектесуіміз керек.

Алайда ылғал сүйгіш дақылдар алқаптарын қысқарту жоспарының жақын болашағына келетін болсақ, Бақытжан Дүйсембеков оның орындалатындығына күмәнмен қарайды.

-Бұл фермерлердің мәселесі шешілгенге дейін жыл сайын қайталанатын болады», - деп түсіндірді Бақытжан Дүйсембеков. - Иә,жоспар бар. Бірақ олар жақын арада орындала қоюы үкіметтің күшті қолдауынсыз мүмкін емес. Бұл егістіктің  картограммасын жасауды талап еткенмен бірдей. Неліктен ол талап тағы екі жылға шегерілді? Өйткені сынамалар мен анализдерді таңдау бойынша қызмет көрсете алатын зертханалар бүкіл республика бойынша өте аз. Мұндай зертханалар әр аймақта пайда болғанға дейін, бұл мүмкін емес жағдай. Мұнда да Ауыл шаруашылығы министрлігінің жақсы қолдауы керек, өйткені бәсекелестік орта, жеке саудагерлер мұндай тапсырманы орындай алмайды.

 

Баға

Фермерлер ылғалды көп қажет ететін дақылдардың орнына өсіретін дақылдарын жақсы білуі керек және оны қандай бағамен сата алатындығын түсінулері қажет. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің міндеті піскен өнімді сататын нарықпен қамтамасыз ету болып табылады.

-Көптеген шаруашылықтар  өнімдерін ауыстырғысы келеді, бірақ олар өнімді сата алмаймыз ба деп қорқады», - деді Бақытжан Дүйсембеков. – Мысалы  күріш егушілердің көбі соя, жүгері, арпа, бидайға ауысуға дайын. Олар дақылды өсіре алады. Мәселе піскен өнімді сатуда болып отыр. Олар  күріштерін сата алатындығында дау жоқ, себебі олар бұл  іспен жылдар бойы айналысқан. Сондықтан да олардың  жаңа өнімдерін сатуға көмектесуіміз керек. Мысалы, бұл үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы қолдау көрсетуі тиіс. Егер өнімді сатып алу жүйесі құрылған болса, бұл еңбеккерлердің жұмысын жеңілдетер еді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қызылорда өлкесінің күріш екпеуі  экологиялық апатқа әкеледі

Сонымен қатар, жаңа дақылдарды егудің бірнеше жақсы жағы бар. Мысалы сояны алып қарасақ: оған мал өсірушілер мен құс өсірушілерден сұраныс жоғары. Сонымен қатар, ол азотты сақтау арқылы топырақ сапасын жақсартады. Тек фермерлерге өнімді сатуға жағдай жасасақ болғаны.

 

Техника

Сол сияқты мақта өсірушілер де егіс көлемін азайтуға дайын. Бірақ олардың мәселесі  - техникамен байланысты. Қазіргі машина-тракторлар тек осы дақылдарды өсіруге арналған. Сондықтан да бұл техникаларды жаңа дақылдарға қарай өзгерту керек, алайда фермерлер бұл істі жеңілдетілген несие және инвестициялық субсидиялар бөлгенде ғана жасай алады. Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жаңа дақылдарды өсіруге бейімделуі үшін екі-үш маусым кезінде көмектесуі керек.

- Бір жылдары біз Қызылорда облысында жүгері егетін болып шештік, - деді Бақытжан Дүйсембеков. «Бірақ біз тұқым сепкіш техниканы еш жерден таба алмадық. Жеке меншік мал өсіретін шаруашылық өздеріне жем-шөпке жүгері өсіретін үш-төрт шаруа қожалығында аталған техникалар бар екен. Бірақ олар оны басқа біреуге бере алмайды ғой, себебі олардың өздеріне тез арада  тұқым себу үшін керек еді. Өнім жинайтын комбайндарда да тапшы.

Үкіметтің көмегі қажет тағы бір мәселе – егістікті жаппай суаратын ескірген тәсілді қолданбау, оның орнына  жаңбырлатқыштады қолдану немесе тамшылатып суару әдісі сияқты заманауи суару жүйелерін фермерлердің сатып алуына жәрдем беру қажет.

Тақырыпқа байланысты оқу: Егістікті дұрыс суару агробизнес тиімділігін бес есеге арттырады

Кейбір ауылдық жерлерде бұл қондырғыларды қосу үшін электр қуаты жоқ. Мұнда да мемлекеттің араласуы қажет. Шағын және орта фермерлер мұндай шығындарды өздері көтере алмайды.

 

Технологиялар

Сонымен бірге, жаңа дақылдарды егуге ауысқан кезде де фермерлер ылғал үнемдейтін технологияларды қолдануға тырысуы керек. Мұнда білім маңызды орын алады. Мысалы, өсімдіктерді қорғау құралдарын үнемдемеу керек. Себебі топырақ өңделмесе, зиянды организмдердің жинала бастайды. Бірақ көптеген фермерлер бұған аса мән бермейді. Сондықтан да бұл салада ғылыми тәсілдер қолданып,білікті кадрлар қажет - әйтпесе өнім жинай алмай фермерлер тақырға отыруы мүмкін.

-Мысалы Аргентинада жауын-шашын аз түскен кезде технологияның арқасында жоғары өнім алынады, - деді Бақытжан Дүйсембеков. - Бірақ бұл жерде арнайы білім мен ғылымды қолдану керек, басқа дақылдар есебінен ылғалды сақтау және сонымен бірге топырақтың құнарлылығын арттыру үшін әдіс- тәсіл қажет.

Ылғалды үнемдейтін басқа да заманауи технологиялар бар, мысалы, су гельдерін қолдану. Бірақ Қазақстан бұл технология әлі де қымбат, өйткені елде шығарылмайды. Аквагельдерді қалдықтардан - күріш қабығы мен сабаннан алуға болады, сондай-ақ  синтетикалық материалдардан да жасауға болар еді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы суармалы егістігі көп ТОП-7 аймақ

"Біздің ғалымдарымыздың жасаған технологиялары бар, бірақ олар іске асырылмайды, өйткені институттарда тіпті шағын зауыт көлемінде де коммерцияландыруды жүзеге асыру мүмкіндігі жоқ", - деп түсіндірді Б.Дүйсембеков. - Бірақ біз  Қызылорда облысында тәжірибе жасап, керемет нәтижелерге қол жеткіздік. Күздік бидай өнімділігі 18 ц / га, жаздық бидай -13 ц / га құрайды. Оның үстіне сапасы өте жоғары болды, күздік бидайдың глютені - 30,4%. Нәтиже бұдан да жақсы болар еді, бірақ бізде заманауи технологиялар болмады, қолда барды пайдаландық.

Мемлекеттік қолдау

Егістіктерге әртүрлі дақылдар егетін әртараптандыруды тежейтін басқа да мәселелер  бар. Атап айтқанда, әртараптандырылған дақылдарды субсидиялау мәселелері.

-Өткен жылы мен Қызылорда облысы үшін жеміс-жидек дақылдарын өсіру картасын өзгерте алмадым», - деді Бақытжан Дүйсембеков. - Яғни олар тек екі ауданға - Жаңақорған мен Шиеліге рұқсат берген еді. Соған байланысты, бұл аудандарда субсидиялау тек сол жерлерге бөлінді. Мен Топырақтану және бау-бақша шаруашылығы ҒЗИ-дан басқа аймақтар үшін де рұқсат беруі үшін жүгіруіме тура келді. Сол аудандарды аралап, өсіп тұрған бақшаларды,дақылдарда суретке түсіріп дәлел ретінде тапсырдым.

Тақырыпқа байланысты оқу:Агробизнес пайдасы мұнай саласынан да көп

Сонымен бірге, Ontustik агропаркі егістік алқаптарында тұқым себуге дайындалып жатыр. 1 800 га егістік жердің 800-іне күздік, ал 500 гектарға көпжылдық дақылдар себілген. Ал 500 гектарға көктемде егін егіледі.

 

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.