Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда ауыл шаруашылық техникаларын шығару бір жыл ішінде 98% өсті
Өткен жылы қазақстандық зауыттар 93 млрд теңгеге 6 272 дана ауыл шаруашылық техникасын шығарды. Техника өндірісінің жылдық өсімі 98,2% -ды құрады, құны бойынша 2,5 есе өсті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған министрліктің ақпараты бойынша Қостанай зауыттары «Агромаш Холдинг KZ» және «Қостанай трактор зауыты» (Lovol және Кировец), Ақмола облысында «КАИК» зауыты (Беларуссия және RSM брендтері) және Шығыс Қазақстан облысында СемАЗ (Беларуссия) техника шығарумен айналысады.
AgromashHolding KZ (Essil бренді) комбайндарын «КАИК» (Acros) және Kazrost Engineering Ltd (Вектор, Acros) құрастырады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстандағы ауыл шаруашылық машиналары паркі 143 мың трактор мен 37,6 мың комбайнды құрайды.
ИИДМ-де көрсетілгендей, 2019 жылы фермерлер 3,4 мыңға жуық трактор және 1,2 мың комбайн сатып алды. 2020 жылы тракторлар шамамен 4,8 мың және 1,2 мың комбайн сатып алған.
Тақырыпқа байланысты оқу: АШМ импорттық және қазақстандық агротехникаларға субсидия беру талаптарын бірдей қылады
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстанда CLAAS комбайндары шығарыла бастайды. Неміс компанияларымен бірге техгикаларды жинақтау туралы келісімге былтыр қол қойылған болатын. Аталған өндіріс Петропавлда орналасатын болады.
Сонымен қатар, биыл итальяндық SDF group холдингі мен «Агромаш Холдинг КЗ» АҚ арасында әлемге әйгілі Deutz-Fahr брендімен ауыл шаруашылық тракторлары мен комбайндарын құрастыру туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, «Kazrost Engineering Ltd.» ЖК базасында YTO қытай брендінің тракторларын ҚР-да құрастыру жоспарлануда.