ETS-та бидай сатушылар белсенділік танытуда

Еуразиялық сауда жүйесінде 10 маусымда бидай сататын аукционға алты лот қойылды. Бір күн бұрын тек төрт ұсыныс болған еді.

Төрт сатушы сатып алушыларға 4 сұрыпты бидайды тоннасына 88 мың теңгеден, ал екеуін - 3 сұрыпты бидайды тоннасына 94 мың теңгеден ұсынды. Әр лоттың көлемі 5 мың тоннаны құрады.

Алайда  бір келісім жасалды: тоннасы 93 мың теңгеден 3 сұрыпты бидайдың 530 тоннасы сатылды. Сатып алушы 49 миллион 290 мың теңге төледі.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.