ҚТЖ астық ұрлауға қатысты шағымдарға жауап берді
"Қазақстан темір жолы" компаниясы астық жүктерін ұрлаумен күресу жолында қабылданып жатқан шаралар туралы хабарлады.
Компанияда атап өткендей, номенклатуралық жүктерді қорғау шарты жыл сайын "Әскерилендірілген теміржол күзеті" ЖШС-мен (ӘТЖК) жасалады. Тасымалдау кезінде астық жүктерін әскерилендірілген күзет қызметкерлері алып жүреді.
"Станцияларда ұрлықтың алдын алу мақсатында рейдтерді, кенеттен тексерулерді жүзеге асыру үшін теміржолшылар мен ӘТЖК қызметкерлері қатарынан мобильді топтар құрылды. Қосымша бейнебақылау камералары станцияларда, вокзалдарда және перрондарда орнатылады. Локомотивтер сыртқы бақылау бейнетіркегіштерімен жасақталады", - деп хабарлады ҚТЖ.
Сонымен қатар, компанияның мәліметінше, ІІМ және индустрия министрлігімен бірлесіп ҚР темір жолында мүліктің қауіпсіздігі мен сақталу деңгейін арттыру бойынша жол картасы іске асырылуда.
Бұған дейін KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Қанат Көбесов Қазақстан теміржол арқылы экспортқа айына орта есеппен 1 млн тонна астық жіберетінін айтқан болатын. Бұл ретте тасымалданатын бидайдың шамамен тасымалдау кезінде ұрланады - бұл әр вагоннан шамамен 700 кг. Яғни, трейдерлер ай сайын өз тауарларының 10 мың тоннасынан айырылады. Ағымдағы бағамен тоннасына 200 доллар (өндірушіден), шығындар 2 млн долларды құрайды.