Қазақстанда KazGrain астық экспорттаушылар одағы құрылды
Биылғы көктемде бірқатар ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға қойылған шектеулерге байланысты шамамен 150-дей астық сатушылар бірігу туралы шешім қабылдады. Бүгін олар KazGrain астық экспорттаушылар одағының құрылғаны туралы хабарлады.
«Тәжірибе көрсеткендей, бизнесті қорғау үшін бізге мамандандырылған қауымдастық қажет. Нұр-Сұлтандағы, Қостанайдағы, Көкшетаудағы немесе Павлодардағы екі-үш адамның бастамасы ғана емес, телефондағы топта сөйлесу емес, біздің мүдделерімізді қорғайтындай, жағдай жасайтындай нақты белгіленген міндеттері бар толыққанды қауымдастық керек», - деп жазды NurlyZholTrade бас директоры Қанат Көбесов.
Аталған салаға қатысты дұрыс сұхбат жүргізу үшін, тиімді экспорттық стратегия жасау үшін осындай қауымдастықтар құру қажеттілігі туындағанын атап өтті. Себебі агробизнес - экономиканың жаңа драйвері болып табылады.
«Менің ойымша, әділет органдарында тіркелдік, енді одақтың құрылатын уақыты жетті. Біздің ұжымның атауы- KazGrain ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы», - деді Кобесов.
Одақтың негізгі мақсаты мен міндеттері: экспорттық сауда жасауды кеңейту, адал бәсекелестікті қалыптастыру және астық нарығына қатысушылардың мәселелерін қарастыру.
Хабарламада айтылғандай, одақтың кеңсесі Нұр-Сұлтан қаласында болады. Сонымен қатар, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды және басқа қалаларда тұрақты өкілдіктер де қажет болады.
Сондай-ақ, Қанат Көбесов Facebook-те, YouTube арнасында, басқа да әлеуметтік желілерде КazGrain тобының жұмысын бастауға дайын екенін айтты.