ETS-те бір аптаның ішінде 50 мың тонна бидай сатылды

Еуразиялық сауда биржасы үшін өткен аптаның бейсенбі күні, 16 шілде табысты болды. Аталған күні бірден 49 мың 160 тонналық үш сауда жасалды.

Оның ішінде экспортқа жіберу үшін 48,18 мың тонна болатын екі лот астық сатып алынды.

Бірінші партия бойынша, Triticum Aestivum L. 4 сұрыпты бидай сатылды, бидайдың түрі 700 DAP болды және Сарыағаш станциясынан жіберілді, оның тоннасы 102 885 теңгеден сатылды. Бұл экспортқа сатылған  бидайдың көлемі 2 980 тонна болды.

Екінші сауда  бойынша 3-ші сұрыпты  бидай сатылды, бидайдың сапасы 770 г л, дақылдың желімтегі кемінде 28%, Алашанькоу станциясына жіберілді, тоннасы 99 917 теңге болып, жалпы көлемі 45 200 тоннаны құрады.

Аталған екі сауда мәмілесінде де сатып алушы мен сатушы жасырын болып, анонимді аукцион (ЕҚАА) түрінде өтті.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.