Ауыл шаруашылығы министрлігі астық мөлшері өткен жылдың деңгейінде болады деп болжап отыр

Биылғы жылы жазғы құрғақшылыққа қарамастан, ауыл шаруашылығы министрлігі 18 млн тоннаға жуық астық түсімі болады деп болжап отыр. Енді басты міндет егінді сақтау болып табылады, өйткені негізгі астық егетін аймақтарда егін жинау мол жаңбыр жағдайында өтеді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында АШМ басшысы Сапархан Омаров мәлімдеді.

«Биыл ауа – райының қолайсыздығына қарамастан, дер кезінде істелген іс шаралар өткен жылдың деңгейінде астық алуға мүмкіндік береді: 2020 жылға арналған болжам бойынша 17,9 млн тонна, ал өткен 2019 жылы 17,4 млн тонна жиналған болатын», - деді министр, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдары өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

АШМ бағалауынша, жиналған егіннің 3,5 млн тоннасы азық - түлік мақсатына, 4,2 млн тоннасы жемшөпке, 2,1 млн тоннасы тұқымдық мақсатқа, 700 мың тоннасы өнеркәсіптік өңдеуге бағытталады. Сондай-ақ, белгілі бір көлемдерді экспортқа жөнелту мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар, С.Омаров атап өткендей, әкімдіктер астықты қабылдауға элеваторлардың дайындығына тұрақты мониторинг жүргізіп, карантиндік шараларды ескере отырып, астық алқаптарынан элеваторларға үздіксіз жеткізілуді қамтамасыз етуді тұрақты бақылауда ұстауы қажет.

 «Қазіргі уақытта бірінші кезектегі міндет-өсірілген егінді шығынсыз жинау. Қазгидрометтің болжамына сәйкес республиканың солтүстік-шығыс бөлігінде қыркүйек айында жауын-шашын мөлшері нормадан жоғары болатынын ескеру қажет. Осыған байланысты әр күнді барынша жемісті пайдалану, бос тұрып қалуды болдырмау арқылы өнімділікті арттыру бойынша шаралар қабылдау, мүмкін болған жағдайда екі ауысымдық жұмыс жинау техникасын ұйымдастыру қажет», - деп хабарлады министр.

АШМ мәліметінше, ағымдағы жылы егін жинау жұмыстары уақтылы басталды, бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 3,3 млн гектардан астам бұршақ және дәнді дақылдар жалпы егін алаңының 21,2% жиналды, ал өткен жылы осы мерзімде 2,1 млн га немесе 14% жиналған еді. Орташа өнімділік гектарынан 13,5 центнерден 4,5 млн тонна астық бастырылды (2019 жылы - 2,8 млн тонна).

 Статистикалық мәліметтер бойынша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс алаңы 22,7 млн га құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 439,2 мың га артық. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,8 млн га (оның ішінде бидай – 12,1 млн га), майлы дақылдар – 2,9 млн га, көкөніс – бақша және картоп – 457,4 мың га, мақта – 125,8 мың га, қант қызылшасы – 20,9 мың га, жем-шөп дақылдары-3,3 млн га алқапқа себілген болатын.

Узнавайте первыми самые свежие новости агробизнеса Казахстана на нашей странице в Facebook, канале в Telegram, подписывайтесь на нас в Instagram или на нашу рассылку.