Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Шығыс Қазақстан облысында 2020 жылы егістік алқап көлемі 7 мың гектарға кеңейеді
2020 жылы Шығыс Қазақстан облысында аграршылар 1,4 млн жерге тұқым себетін болады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7 мың гектар алқапқа көп болып саналады, деп жазды «КазахЗерно.kz».
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Өсімдік және егін шаруашылығы бөлімінің басшысы Әділет Тулеутаевтың айтқанындай, егіс алқаптарынан дәнді және бұршақты дақылдарға 559 мың гектардан астам, яғни жердің 41 %-ы бөлінген. Ал майлы дақылдарға берілген жер көлемі 481 мың гектарды құрайды, бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 35% - ға артық болып есептеледі. Олардың ішінде 446 мың гектары немесе 33% - ға жуығы күнбағыс отырғызылған. Азықтық дақылдарға шамамен 292 мың гектар жер немесе 21% -ға жуық алқап бөлу жоспарланып отыр
Биылғы жылы жалпы егіс 1,1 млн гектар жерге себілетін болады.
Басқарма өкілі Әділет Тулеутавтың хабарлағанындай, атлған өңір астық тұқымымен 100%-ға қамтамасыз етілген. Жоспарланған егінді себу үшін 104 мың тоннаға жуық дәнді дақылдар тұқымы, 5 мың тоннаға жуық майлы дақылдар, 1,4 мың тонна көп жылдық және бір жылдық шөп тұқымы және 62 маң тоннадай егілетін картоп тұқымы дайындалған.
2020 жылғы астыққа арналған топырақ құнарлылығын арттыру үшін облыстағы шаруашылықтар 30 мың тоннадай минералдық тыңайтқыштар салуды жоспарлап отыр. Егінді егуге керекті барлық техника қолда бар. Сонымен қатар жанар-жағар май мәселесі де шешілген.
«Көктемгі егіс жұмыстарын табысты істеу үшін 2020 жылы облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге субсидия бөлінді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 млрд теңгеге артық», ― деді Әділет Тулеутаев.
Сондай-ақ, осы қаражаттың тұқым шаруашылығын қолдауға шамамен 2.8 млрд теңгесі беріледі, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 927 млн теңгеге артық болып саналады. Бұл көрсеткішті салыстырар болсақ, 329 және 594 млн теңгеге артық.
Сонымен қатар, 2020 жылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ көктемгі егіс жұмыстарына облысқа 1,6 млрд теңге көлемінде қаражат бөлді.