Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Германиядан Қазақстанға жеткізілетін ет өнімдерінің транзитіне тыйым салынды
Ресей мен Беларусь Германиядан Қазақстанға әкелінетін шошқа еті мен сиыр етінің транзитіне тыйым салды. Бұл туралы Россельхознадзор хабарлады.
«Россельхознадзор» ветеринарлық жалған сертификаттармен жеткізілінетін азық-түлікке жатпайтын өнімдерді (шошқа және сиыр еті) Қазақстанға жеткізу жолдарын анықтады. Заңсыз транзит оқиғалары 2019 жылдың соңында - 2020 жылдың басында тіркелген болатын», - деп хабарлады департаменттен.
ЕАЭО-ға аталған тауар Беларуссияның өткізу пункттерінен Германияның құзыретті органының ветеринарлық сертификаттары арқылы өтетін. Құжатта көрсетілгендей, өнімдер қазақстандық мынандай компанияларға жіберілетін: «Трейд Плюс» ЖШС, «БиПЭП» ЖШС және «СБМ-KST» ЖШС. Аталған құжаттарға байланысты Германияның ветеринарлық қызметіне сауал жолдап, Россельхознадзор бұл сертификаттардың арнайы рәсімделмегенін және жалған екенін анықтады.
Бұл ет өнімдерінің тазалығын, шығу тегін анықтау мүмкін емес. Россельхознадзордың айтуы бойынша, олар Еуропалық Одақ елдерінде өндірілуі мүмкін, оларда жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары болуы мүмкін. Содан кейін Ресей Федерациясының немесе Беларусь Республикасының аумағынан заңсыз салынуы мүмкін.
Осыған байланысты Россельхознадзор Германиядан ілеспе құжаттарымен бірге Қазақстанға өтетін азық-түлік емес тауарлардың транзитіне уақытша шектеулер енгізді. Аталған іс-шара Беларусь пен Қазақстанның құзырлы органдарына хабарланды.
Бұған жауап ретінде Беларуссияның Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің Ветеринариялық және азық-түліктік қадағалау департаменті Германияның құзырлы органы берген ветеринарлық сертификаттармен бірге тауарларды Қазақстанға өткізу қозғалысы 15 маусымнан бастап тоқтатылатындығы туралы хабарлады.