ҰАҒБО-да ара шаруашылығы бөлімі ашылады

Қазақ мал шаруашылығы және жем өндірісі  ҒЗИ-да (ҰАҒБО-ның  еншілес кәсіпорны) ара шаруашылығы бөлімі құрылды. Бұл туралы ҰАҒБО-ның баспасөз  қызметінен хабарлады.

«Ара шаруашылығына байланысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуге арналған мамандандырылған бөлім құру туралы мәселе ұзақ уақыт бойы  талқыланған. Қазақ мал шаруашылығы және жем өндірісі ғылыми-зерттеу институтының базасында кафедра құру қажеттілігінің негіздемесі 2019 жылдың шілдесінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсынылды, ал 2020 жылдың ақпан айында институттың ғылыми кеңесі ара шаруашылығы бөлімін құру туралы шешім қабылдады.  Қызметкерлер - 2021 - 2023 жылдарға арналған тақырыптар бойынша асыл тұқымды ара шаруашылығын өсірудегі тиімді технологиялар бойынша ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуге кірісті», - деді баспасөз қызметі.

2020 жылдың 13 шілдесінде ғалымдардың Алматы облысының шалғай аймақтарындағы екінші экспедициясы аяқталды, онда мамандар асыл тұқымды аналық орман араларын орналастырылды. Ғалымдардың мақсаты осы тұқымнан аталық араны алу. Жергілікті ара өсірушілердің шыдамдылығы мен еңбекқорлығының арқасында Қазақстанда қара орман араларының тұқымы күні бүгінге дейін сақталған еді.

«ҚазМШЖӨ» АҚ араларды ары қарай өсіру үшін жергілікті популяцияларға морфометриялық және генетикалық диагностика жүргізуге мүмкіндігі бар», - деп атап өтті ҰАҒБО.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңадан құрылған бөлім бал араларының тұқымдарын өсіру, сақтау, азықтандыру және оларға күтім жасаудың тиімді технологияларын әзірлейтінін және енгізетіндігін атап өтті; ара ауруларын емдеу және алдын-алу бойынша мамандандырылған ветеринарлық қызметтерді ұйымдастыруды жүргізетін болады. Сонымен  қатар, ара тұқымдарының экологиясын бұзбайтындай етіп, дәрі-дәрмектер мен препараттарды әзірлеу және шығару жоспарда бар.

Сондай-ақ,ара үйірін ұтымды пайдалану үшін нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу, энтомофильді дақылдарды, бақшаларды, көкөністер мен жидек плантацияларын тозаңдандыру бойынша кеңейтілген қызмет түрлерін енгізу жоспарлануда.

Бал араларын таңдау саласында қыс мезгіліне төзімділік, жақсы өнім беру және  құнарлылығы сияқты көрсеткіштерді ескере отырып, жергілікті ара популяцияларының гендік қорын зерттеу жүргізілетін болады. Аймақ бойынша - жоғары өнімді және климаттық жағдайға бейімделген бал араларын шығару ісі қолға алынатын болады.

Ғалымдар сонымен қатар бал базасының әлеуетін зерттеп, бал алқаптары мен Қазақстанның ара өсіру аймақтарының картасын жасайды.Аталған жұмыстар бойынша вертикалды аудандастыруды, климаттық жағдайларды, экологиялық жағдайларды және аумақтарының меншік нысанын ескере отырып, оңтайлы түрде  араларды көшіру бағыттары жасалады.

«Ара шаруашылығы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және биологиялық әртүрлілікті сақтауда маңызды рөл атқарады, сонымен қатар құнды биологиялық өнімдерді өндірудің арқасында үлкен экспорттық әлеуетке ие. Сонымен бірге бал аралары энтомофильді өсімдіктерді, көкөніс және жидек плантацияларын, бақшаларды, жемшөпті және өнеркәсіптік дақылдарды тозаңдандыруда үлкен рөл атқарады, нәтижесінде өндірілетін ауылшаруашылық өнімдерінің өнімділігі мен жоғары сапасына үлкен үлес қосады», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.