Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
СҚО-да бір тәулікте 180 мың тауық қырылды
Солтүстік Қазақстан облысындағы құс тұмауының эпидемиясы тіркелген Бішкүл құс фабрикасында бір тәуліктее 180 мың жұмыртқа басатын тауық өлді. Кәсіпорын құс өлімі әліде болады деп есептейді. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлайды.
Құс фабрикасына вице-министр Гүлмира Исаева бастаған Ауыл шаруашылық министрлігінің арнайы тобы келді. Қыркүйек айының басында фабрикада 320 мыңға жуық мекиен және 6 мың қаз болды.
«Қазіргі таңда мекиен тауықтардың жартысынан азы қалды. Кеше кешке 180 мыңнан астам тауық қырылды, бүгін тағы 30-40 мың өледі деген болжам айтылуда. Сондай-ақ асыл тұқымды қаздарда өлуде. Бірнеше күнде он мыңдаған құс қырылды. Біз қолымыздан келгенше қажетті шараларды істеудеміз: инфекция таралмас үшін шұңқырлар қазып, өртеп, тесіктерді сазбен сылап жауып жатырмыз», - дейді «Бішкүл» құс фабрикасының технологы Татьяна Костенко.
Оның айтуынша, зауыт құс тұмауына қарсы жаппай вакцинациялауға қаржылай дайын емес еді: қыркүйек айының басында мұнда тек 15 мың аналық үйрек тұқымына вакцина егілді.
«Біз бұл індеттің Солтүстік Қазақстанмен шекаралас аумақтарда болып жатқанын білгенде, аналық үйректерге вакцина егуді шештік, өйткені тауықтарға қолда бар вакцина жетіспейтін еді. Бүгін біз үйректерді аман алып қаламыз деген ойдамыз», - деп атап өтті технолог.
Ол құс тұмауына қарсы вакцинаның 1 мың дозасы орта есеппен 50 мың теңге тұратындығын айтты. Бірақ құс фабрикалары субсидия алмағандықтан, компанияда вакцинацияға қосымша қаражат болмады.
«Келесі көктемде не болатынын елестету қиын, тұрғындар құс етінсіз қалуы мүмкін. Кейбір тауықтар тірі қалса да, құстарды түгелдей жоюға тура келеді, өйткені ол құс тұмауының тасымалдаушысы. Мүмкін облыстағы барлық құс фабрикалары қызметін тоқтататын шығар. Біз үлкен қиын жағдайда қалып отырмыз: құс фабрикасында 170 адам жұмыс істейді, демек, 170 отбасы қыстың алдында күнкөріс көзінсіз қалу қаупі бар», - деді Татьяна Костенко.
Өз кезегінде Гүлмира Исаева вакцинация диагноз қойылғаннан кейін басталғанын атап өтті.
«Диагноз 16 қыркүйекте сағат 21.00-де қойылды. 17 қыркүйекте шектеулер мен вакциналар туралы шешім қабылданды, 19 қыркүйек күні таңертең вакцина облысқа мамандандырылған автокөлікпен жеткізіліп, аймақтарға таратылды. Вакцинаны жеткізу және оны тарату үшін бізге екі-ақ күн уақыт кетті», - деді ол.
Сонымен қатар, құс тұмауына қарсы күрес стратегиясының шарты бойынша құс фабрикаларынан және жабайы құстардың ұшып жүрген бағыты бойынша 20 км радиуста жеке үй-жайларда құстарға вакцина егу қарастырылған. Облысқа құстарға вакцинация жүргізу үшін ҚТҚВ-ның 873 мың дозалық отандық дәрі-дәрмек бөлінген. Үй құстары өлген тұрғындарға ақы төлеу нарықтағы баға бойынша берілетін болады.
Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің комиссиясы облыстағы құс фабрикаларының басшыларымен кәсіпорындардың айналасында биологиялық қауіпсіз оқшауланған аймақтар құру туралы келіссөздер жүргізді. Егер барлық қажетті талаптар орындалса, облыстың құс фабрикалары өз өнімдерін еркін сату құқығын ала алады.
Естеріңізге сала кетейік, 9-16 қыркүйек аралығында Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында құстардың әртүрлі түрлерінің өлімі тіркелді. Жоғары патогенді құс тұмауы себеп болды. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық қадағалау және бақылау комитетінің мәліметінше, ауруды аймаққа жабайы қоныс аударатын құстар таратуы мүмкін еді.