Батыс Қазақстан облысында тоқтап тұрған мал бордақылау орны жұмыс істей бастады

 Бәйтерек ауданы, Янайкин ауылында бұрын салынған мал бордақылау кешені соңғы төрт жылдан бері жұмыс істемей тұрған болатын. Облыстық және жергілікті әкімдіктердің көмегімен жеке инвестицияларды салу және кешенді қалпына келтіру арқылы іске қосылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа инвесторлардың күшімен кешеннің атауы Янайкино деп өзгертілді. Қазіргі таңда малды етке қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Малға берілетін азық түрлері жазда жеткізілген еді.

«Қазіргі уақытта кешенге 80 бас ірі қара әкелінді. Облыстың барлық аудандарымен келіссөздер жүргізілуде. Жыл соңына дейін бұл орын толығымен жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 40 адам жұмыспен қамтылған, негізінен жергілікті тұрғындар істейді. Жақын арада жұмысшылар саны 80 адамға артады деп жоспарлап отырмыз», - деді облыстық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Лауаз Уалиев.

Тақырыпқа байланысты оқу2021 жылы ет бағасы қандай болады?

Әзірге Бәйтерек пен Шыңғырлау өңірінің халқы малдарын «Янайкиноға» бордақылау үшін тапсыруда. Сондай-ақ, басқа аймақтардағы фермерлермен келіссөздер жүргізілді, жақын арада мал басын арттыру жоспарланып отыр.

Салмағы 200-ден 300 кг-ға дейінгі 7-18 айлық бұқаларды бордақылауға өткізген  кезде тапсырыс берушіге 40-тан 60 мың теңгеге дейін субсидия төленеді.

Мал азығы кешенінің бастығы Вячеслав Гусамовтың айтуынша, инвестор барлық инфрақұрылым мен қоралары айналаны ретке келтірді, бұған шамамен 2 млрд теңге жұмсады.

«Қазіргі уақытта біз мал ала бастадық. Жыл соңына дейін мал басын 8 мыңға жеткіземіз. Биыл біз мал үшін жем-шөп жинадық. Оны Ақжайық ауданы аумағынан және Янайкино ауылының маңындағы шабындықтарды алдық. Шөп шабу науқанына ерте көктемде дайындаламыз», - деді ол.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.