Жамбыл облысында мал жайылымы мал басына қарай берілетін болады

Жамбыл облысында жайылымдардың пайдаланылуы ескерңле отырып жер картасы жасалады. Бұл мәселе әкімдікте өткен мәжілісте талқыланды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

«Жайылым туралы» заңды жүзеге асыру мақсатында облыстың барлық аудандарында жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімімен жайылымдарды пайдаланудың жоспарлары мен сызбалары бекітілді. Алайда, мәселені талқылау нәтижесі көрсеткендей, аталған шараларды жүзеге асыруда бейқам көзқарас болғандықтан заң талаптары мен нормалар орындалмауда. Жайылымдарды есепсіз қолданғандықтан елді мекендердің маңында жайылым  тапшы болып, жер деградацияға ұшырауда, - деді жер қатынастары бөлімінің бастығы Бақтияр Көпбосынов.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ағымдаға жылдың 1 қаңтарындағы есеп  бойынша облыста 3,6 млн бас мал тіркелген. Ауыл тұрғындары жыл бойы тұрғылықты жерлерінің жанында малдарын ұстап, бағады. Сол себепті жайылымдар жетіспеуде. Сондықтан аудан және ауыл әкімдеріне елді мекендер маңындағы, шалғайдағы жайылымдарда немесе мемлекеттік орман қорының жерлерінде жеке және заңды тұлғаларды жалдап мал бағуды ұйымдастыруды тапсырды.

Тақырыпқа байланысты оқуҚР-да жайылымдық жер мәселесін шешетін жұмыс тобы құрылады

Өз кезегінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жайылымдардың жетіспеушілігі мәселесін шешу жұмыстарын сынға алды. Осы жағдайға қатысты бұйрық бір жыл бұрын берілген, бірақ жұмыс тиісті деңгейде жүргізілмеген.

«1 шілдеге дейін жерді пайдалану мәселесін талдау жұмыстарын аяқтауымыз керек. Облыс әкімдерінің жауапты орынбасарлары аталған саланың бөлім басшыларымен және аудан әкімдерімен бірге халыққа толық және нақты ақпарат беруі керек. Бұл әсіресе шаруа қожалықтарына қатысты. Малы жоқтар жайылымдық жерлерді қайтаруы керек. Енді жер қолда бар мал санына қарай бөлінетін болады. Ал егер мал  ұстауға арналған үй-жайлар жеткіліксіз болса, малды  шалғай жерге жайып жіберу керек », - деді аймақ басшысы.

 Тақырыпқа байланысты оқуАудан әкімдері қолданылмайтын жерлерді жасырып қалуда

Сонымен қатар облыс әкімі тиісті министрліктердің шешімдері бойынша аймақтағы талаптарды әзірлеуді тапсырды. Сондықтан жағдайды мұқият талдап, қарау қажет.

«Аталған жұмыс аяқталған соң, Жамбыл облысындағы жердің пайдалану картасын жасайтын боламыз, онда барлық аспектілер көрсетіледі: қанша жер пайдаланылуда, қанша жер  бос жатыр. Цифрлық технологияларды қолданып, электрондық мәліметтер базасын құру қажет. Тиісті шараларды жасамасақ, біз қайтадан Т.Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында болған жағдайға тап боламыз. Мұндай нәрсеге жеткізбеу қажет, жол бермеу керек», - деді Бердібек Сапарбаев.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.