Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Түркістан облысында малдың энзоотиялық ауруларына қарсы көктемгі дезинфекциялау жұмысы басталды
Түркістан облысында малдың аса қауіпті энзоотиялық ауруларының алдын- алу бойынша көктемгі жұмыстар басталды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Атап айтсақ, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын –алу туралы шаралар жүргізілуде.Бұл зиянкестердің көп шоғырланатын жеріне санитарлық және эпидемияға қарсы жұмыстар ұйымдастырылатын болады.
Мұндай аймақтарда эпидемиялық іс-шаралар жылына екі рет көктем және күзде өткізілетіні атап айтылды.
2020 жылы жоспар бойынша мамандар 66,8 млн шаршы метр аула мен орындарды, 28,5 млн.шаршы метр мал тұратын қора жайлар, суаттар мен бұталарды зарарсыздандыру жасалатын болады.
Сонымен қатар, 2,5 млн ірі қара мал және 8,4 млн ұсақ малға қауіпті арулардың алдын –алу шаралары жүргізілетін болады.Аудандар мен қалалардағы ветеринарлық мамандар керекті жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен, арнайы киіммен толық қамтамасыз етілген.
2018 жылы аймақта 3,4 мың кене шаққан жағдай тіркелді. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 12% - ға азайды.