Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ШҚО-да ірі қара мал ұрығын криоконсервациялайтын зертхана іске қосылады
Республикалық «Асыл тулiк» және Қазақтың ақбас тұқымды республикалық палатасы Шығыс Қазақстан облысындағы «Шалабай» ЖШС шаруалығында асыл тұқымды малдардың ұрығын криоконсервациялайтын зертхананы іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Асыл түлік» компаниясы хабарлады.
«Мал ұрығын сақтауға арналған зертхана мен өндіріс орны Шалабай ауылындағы Амосов көпес үйінде орналасқан. Осы жұмысқа байланысты аталған ЖШС қолданыстағы инфрақұрылымды пайдаланып, зертхана салады және асыл тұқымды бұқалар сатып алады. Қазіргі уақытта «Шалабай» ЖШС басшылығы мен мамандары жөндеу жұмыстарын аяқтау үстінде», - деді «Асыл түлік» АҚ басқарма төрағасы Болат Сейсенов.
Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарын қазақтың Ақбас, Қалмақ, Алатау, Әулиеата, Симменталь, Швицкий және де басқа тұқымдар бұқаларының ұрығымен қамтамасыз ету үшін буферлік аймақта өндіріс және криоконсервация салу жоспарланған. Бір бұқадан жылына орта есеппен 25 мың доза ұрық алып, орта есеппен 40-тан астам асыл тұқымды бұқа ұстау жоспарланып отыр.
«Асыл түлік» АҚ бұл жобаға зертханалық жабдықтарын ұсынып, криоконсервация мен бактериология бойынша білікті мамандармен қамтамасыз ететін ғылыми орталық ретінде қатысады. Асыл Түлік өз тарапынан технологияларды, ғылыми жаңалықтарды енгізуді және мамандардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамның жоспары бойынша «Шалабай» ЖШС-дағы болашақ асыл тұқымды орталықта ауылшаруашылық малдарының генофондын сақтау және жақсарту бойынша тәуелсіз ғылыми жұмыстар жүргізу болып табылады», - деді Болат Сейсенов.
Тақырыпқа байланысты оқу: Депутаттар отандық асыл тұқымды малға бөлінетін субсидия көлемін арттыруды ұсынуда
Қазіргі уақытта «Асыл Түлік» қорының генофондында 22 тұқымның 6 млн дозасы және ұсақ малдың 17 тұқымының 200 мыңдай дозасы бар. Аталған орталықта жабдықталған зертхана бар. Мұнда ұрықтарды және эмбриондарды криоконсервациялау өндірісінің білікті мамандары, ұрықты жинауға және криоконсервациялауға арналған асыл тұқымды бұқаларды қарау жөніндегі мамандар, ұрықтандыру техниктері, ауылшаруашылық малдарды көбейтумен айналысатын ғалымдар жұмыс істейді.
Сондай-ақ, «Асыл Түлік» орталығы аймақтарда филиалдар ашу арқылы ұрықты тасымалдау уақытын жеделдететіндігін атап өтті. Жаңа зертхананың іске қосылуы үнемі жаңарып отыратын табынның тұқымдық материалын пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жобада пайдаланылмай жатқан қорды қолдану өңірдегі мал шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырады.
Алдағы уақытта басқа ғылыми орталықтармен, соның ішінде ҚАЗҒЗИ, СолҚаз ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу институтымен, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетімен, С. Сейфулин атындағы ҚазАТУ, Жәңгірхан атындағы БҚТУ, Семей қаласындағы Шәкәрім университеті және басқа да ҰАҒБО-ның еншілес ұйымдарының ғылыми жетістіктерін пайдалану және мал шаруашылығындағы ең жаңа биотехнологияны қолдану үшін бірлесе жұмыс істейтін болады.
Жобаны жүзеге асыру барысында француз генетиктерінің тәжірибесі қарастырылып, мал шаруашылығындағы генетикалық зерттеулер саласындағы озық тәсілдер зерттеліп, асыл тұқымды малды өсіру процесінде халықаралық тәжірибе қолданылатын болады.
«Асыл түлік» асыл тұқымды мал өсіру орталығының басты міндеті – республикадаға тұқым қажеттілігін өтеу болып табылады. Сонымен қатар мал шаруашылығында қызмет көрсетумен айналысатын жүйені қалыптастыру, сапалы ұрық алу үшін отандық және шетелдік асыл тұқым түрімен қамтамасыз ету.