Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанға шошқа шаруашылығын дамыту ұсынылады
Шошқа шаруашылығы Қазақстан үшін ет экспортын жылдам өсіруде «жақсы мүмкіндік» болып табылады. Аталған фактіні осы саланың бірқатар одақтары ҚР Үкіметіне ұжым атынан ұсыныс ретінде жазған еді.
Ұлттық артықшылықтарға ерекшеліктерге байланысты, Қазақстанда шошқа етін ішкі нарықта тұтыну аз мөлшерде ғана, жылына бір адамға 5 кг. Еуропамен салыстырар болсақ, онда әр адам жылына -45 кг, Қытайда -40кг, Ресейде — 30 кг шошқа етін жейді.
Тақырыпты оқу: Қазақстан АӨК: Quo Vadis?
Осы себептерге байланысты Қазақстанда ұзақ жылдардан бері шошқа шаруашылығы билік назарынан сырт қалған. Аталған мал басының 3,2 млн-нан (1990 жыл) 850 мыңға (2018 жыл) дейін төмендегендігін байқаймыз. Ет өндірісі бір қалыпты деңгейде қысқарған-жылына-290 мың тоннадан 92 мыңға дейін азайған.
2019 жылы Қазақстан шетелге осы етті 793,6 т көлемінде шығарды, ал 1,68 мың т ет кіргізді. Шошқа еті бір жылда 2,9% -ға артқан, яғни 822,2 мың басқа артқан.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта шошқа малының арасында африкалық обаның көп таралуынан бұл етке деген әлемдік тапшылық 10 млн т құрайды. 2019 жылдың соңында ЕО-да шошқа етінің 1 кг үшін — €1,97, Қытайда — кг үшін — €4,1 болып тұр.
Шошқа етін өндіруші Еуропа елдері болып табылады, олар (жылына 4 млн.т), ал Қытай — негізгі сатып алушы ел. Қазақстанның географиялық жағдайы қолайлы, сондықтанда бұл сала біздің ел үшін де пайдалы.
Қазақстанның шошқа өсірушілер одағы 2018 жылы саланы дамыту бағдарламасын жасады. Аталған жоспарда Қазақстанда шошқа етін өндіруді қазіргі уақытпен салыстырғанда екі есеге арттыру қарастырылған, яғни жылына 200 мың тоннаға дейін ұлғайту болжанған. Сондай-ақ шошқа басын да екі есеге көбейту қажет. Тек бұл жоспарды жүзеге асыру үшін шошқа тұқымын жақсарту талап етіледі. Елдегі бар қазақстандық шошқа еті нарықта бәсеке бола алмайды. Егер алдыңғы қатарлы елдерде бір шошқа жылына отыз шақты торай туса, Қазақстанда бұл көрсеткіш одан үш-төрт есеге аз. Сонымен бірге олар баяу семіреді. Нәтижесінде еуропалық мегежіннен жылына -2,5 тонна ет алынса, ал қазақстандық мегежіннен — 1тонна алынады. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Қазақстандағы шошқа етінің өзіндік құны бір килограмм үшін —1,4 €құрайды. Еуропада — €0,8 тұрады.
Сол себепті де елде тиімді технологияларды енгізу және мал басның сапасын жақсарту арқылы өзіндік құнын төмендету мәселесі тұр.
«Қазақстан өткен жылдың қыркүйек айында Қытайға шошқа етін экспорттау құқығына ие болды. Қысқа мерзім ішінде бәсекеге қабілетті шошқа етін өндіру мүмкін емес. Сондықтан да бұл салаға әлемдік өндірушілердің 30 тобынан инвесторлар шақырып, жағдай жасау керек. Инвесторға да, елге де екі жақты тиімді пакеттер ұсынысын дайындау қажет. Әңгіме салықтар мен субсидиялар бойынша жеңілдіктер туралы емес, жобаларды іске асыру үшін дайын инфрақұрылымы бар орындарды бөлу жайлы болып отыр. Сондай –ақ етті өткізу кезінде кепілдік және ветеринариялық қауіп-қатердің жоқтығын, шикізаттың үнемі болуын, логистиканың дұрыстығын кәсіби тұрғыда дайындайтын бағдарлама керек. Егер осындай жағдайлар жасалса, инвесторлар қаржылық преференцияларды жақсы бағалайтын болады», — деп жазды аталған саланың одақтары.
Айта кетсек, Қазақстанда шошқа еті 2019 жылы 11,4%-ға қымбаттады, сиыр етіне қарағанда (16,5%), қой етіне (16,2%) және жылқы етіне қарағанда (14,5%) арзан.