Суаруға арналған инфрақұрылымды кеңейту АӨК-ті дамытуға серпін береді — Мамин

Егін алқаптарын суаруға арналған инфрақұрылымды барынша кеңейту АӨК-ті дамытуға жақсы серпін береді, ол ел экономикасының құрылымында маңызды сектор болуы керек. Аталған пікірді ҚР Премьер –министр Асқар Мамин айтты, деп жазылды министрлік сайтында. 

«Елде атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі бойынша, 2024  жылы импорттық көкөністерді жүз пайыз отандық өнімге ауыстырамыз», — деді Асқар Мамин.

Қазақстанда 2020-2021 жылдары  6785 шақырым канал, 4 су қоймасы, 4 су торабы, 239 тігінен салынған дренажды скважина және 23 мыңдай су  құбыры қайта жөнделетін болады.

2020-2021 жылдары  ирригациялық инфрақұрылымдарды дамыту мен қайта жаңарту жобаларын іске асыру  Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 500 мың гектарға жуық жерді қосымша суаруды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін шамамен 274 млрд теңге қарастырылған. Сол кезде 88 мың жаңа жұмыс орны  ашылады, оның 11 мың орны құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде және 77 мыңы тұрақты жұмыс орны ретінде ашылатын болады.

Айта кетсек, қазіргі кезде Қазақстанда ауыл шаруашылығы жерінің  1,5 млн гектар алқабына су құбыры тартылған. Осы жерлердің тек 14% — ғана заманауи үлгідегі тамшылатып және себелетіп суару әдісін қолданады. Ал қалған жерлерде ескі бұрынғы әдіспен суды үнемдемей, егістікке жаппай су жіберу тәсілімен суғарылады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.