Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанның жұмыртқа өндіру саласы қыспаққа түсті
Қазіргі кезде Қазақстан құс шаруашылығына бірнеше фактор қиындық келтіруде. Атап айтсақ, берілетін субсидия алынып тасталды, экспортқа шығару шектелді және ішкі нарық үшін шекті баға белгіленді.Осы жағдайлар аталған сала үшін соққы болып тұр. Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылдың соңында жұмыртқа саласы аяғынан тік тұрды деген оймен, субсидиялауды алып тастаған еді. Бұл шешімнен кейін мемлекеттік қолдауды пайдаланатын ресейлік құс фабрикаларымен тең дәрежеде бәсекелесе алмайтын болды. Аталған жағдай өндірушілердің наразылығын тудырды. Олар мәселені талқылай басталды, бірнеше нұсқа ұсынылды. Атап айтқанда, субсидияны толығымен алып тастамай, оныңорнына бһлінетін ақшаны азайту бір данаға 3-тен 1,5-2 теңгеге дейін төмендету ұсынылды.
Алайда, аталған талқылаулардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі жемшөп шығындарының тоннасына 7,5 мың теңге мөлшерінде субсидиялау туралы шешім қабылдады. Соның есебінен 1 жұмыртқа үшін шамамен 0,7-0,8 теңге беріледі.
Тақырыпты оқу:Жұмыртқа өндірушілерге субсидия беру ережесі өзгертілді-Ауыл шаруашылығы министрлігі
Әлемде вирустың таралуымен байланысты дағдарыстың басталуынан және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шешімдер қабылданды. Үкімет бұл шешімді бизнес және аталған сала қауымдастықтармен ешқандай талқыламай қабылдай салды.
Сонымен бірге, жұмыртқаға қойылған баға (әр ондық үшін 260-280 теңгені құрайды) тек өндіріс шығындарын ғана өтейді, өйткені теңгенің құнсыздануынан кейін импорттық компонеттер 20% - ға қымбаттады.
Мысалы, Қостанай облысындағы «Жас-Канат 2006» компаниясының бас директоры Кайрат Маишев 4 сұрыпты бидайдың бір тоннасының бағасы 70-тен 85 мың теңгеге дейін көтерілгенін айтты. Сондықтан да олар қазір 3 сұрыпты астықты 100 мың теңгеге сатып алып отыр. Осындай азық берілген тауықтың он жұмыртқасының құны 250 теңгені құрайды, мұндай жағдайда табысты қайдан алуға болады.
Құс фабрикасының директоры:
-Осындай жағдайдан соң, қалай бизнес жасауға болады? Сауда желілері пайда табады ма, әлде біз табыс табамыз ба? Біз тауықты жұмыртқаламауға мәжбүрлей алмаймыз, олай болса, пайдасыз тауықтарды сойып, қызметкерлерді жұмыстан босатып, таратуға мәжбүрміз. Оның үстіне жаз мезгілінде жұмытрқа тұтыну азаядаы. Мемлекет біздің жағдайымызды түсінді ме деп ойлаған едік. Олар азық-түлік келісім шарт корпорациясынан 6 айдан кейін төлем жасау арқылы азық алуға рұқсат берген еді. Алайда барлық элеватор Ақмола облысында орналасқан. Оны Қостанайға жеткізу 10 мың теңге болады. Біз үшін бұл қолайсыз. Көмектеріңізге рахмет! Бізге мұндай көмек қажет емес. Біз осы астық үшін кепілдеме тапқанша өте кеш болады.
Тағы бір өкінішті жайт: Алматы облысы «Когер» компаниясы құстардың санын екі есеге азайтты (2 миллионнан 900 мыңға дейін). Келесі кезекте осындай құс фабрикалары тұр. Ең өкініштісі бұл құстар тұқым беретіндері. Бір жұмыртқаның құны 260-270 теңге болған кезде, ең жоғарғы баға Алматы облысы үшін 291 теңге болып белгіленген. Мұндағы өнімнің басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысына жөнелтілетін, ондағы жоғарғы баға қазір 280 теңгеден төмен болды. Сондықтан бүгіннен бастап Шығыс Қазақстанға жөнелту тоқтайды.
Қазақстандық жұмыртқа өндірушілер үшін кейбір рентабельдік жұмыртқаны орталық Азияға (Ауғаныстан, Тәжікістан және т.б елдерге) экспорттау қамтамасыз етілетін. Қазір бұл мүмкіндік те жоқ, шекара жабық. Жыл басталғалы бірде-бір партия экспортталған жоқ. Сонымен қатар, жас құстарды (тауықтарды) әкелуге тыйым салынды. Айта кету керек, «Когер» үй құстары басқа құс фабрикаларының арасында үлкен сұрансықа ие.
Тақырыпты оқу: Қазақстанның мал шаруашылығы: агроөнеркәсіптің бағалы идеясы
Осындай қиын-қыстау кезде құстарды союға жол бермеу үшін үй құстары шаруашылығын қолдауды қайта қарау қажет. Атамекеннің бірнеше ұсыныстары бар. Жұмыртқаның бағасын алып тастап, нарықты қалыптастырудан бастау керек. Немесе ауыл шаруашылығы министірлігі арқылы саланы субсидиялауды қарастыру қажет. Сонымен қатар, тәжірбие көрсетіп отырғандай, материялдарға (жемге) қарағанда, өнімнің өзін субсидиялау тиімдірек.
Қазір отандық құс өсірушілер бұл саланы қолдау туралы өтініштерін жазып, үкіметке үндеу дайындуда.