АШМ жұмыртқаға субсидия беретін болды

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі дағдарыс жағдайында жұмыртқаны субсидиялауды қалдыруға және құс шаруашылығын қолдауға байланысты шараларды сақтап қалу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмыртқаны субсидиялауды  алып тастау туралы шешім АӨК-ті дамытудың 2020 жылғы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қабылданған болатын.

«Алайда, 2020 жылы тағамдық жұмыртқаның өзіндік құнына COVID-19 вирусының таралуынан туындаған дағдарыстық жағдай әсер етті. Бұл қиын кезеңде Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі жұмыртқа өндірушілерді қолдауға және «тағамдық жұмыртқа өндірісін субсидиялау» шараларын сақтауға шешім қабылдады. Субсидиялау нормативі бойынша өнімнің бір данасына 3-тен 1,5 теңгеге дейін азайтуды ұсынылды», — деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінде.

Ведомствоның мәліметінше, құс шаруашылығын қолдауға және жұмыртқаның өзіндік құнын арзандатуға ҚР Үкіметі 5 млрд теңгеден астам қаржы бөледі. Сонымен қатар, жұмыртқа өндірушілерге «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы арқылы ақша айналым капиталын толықтыру үшін жеңілдетілген қаржы алуға мүмкіндік берілді. Бұл  фабрикаларға қиын кезеңде құстарды азықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы өндірушілеріне асыл тұқымды құс сатып алуда және өнімді экспорттау кезінде көлік шығындарын субсидиялау түрінде қолдау көрсетіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жұмыртқаны 31 құс фабрикасы өндіреді. Бір жыл ішінде олар 5,5 млрд жұмыртқа сатуды жоспарлап отыр. Отандық өндіріс қазақстандық нарықтың ішкі қажеттілігінің 100% астамын қамтамасыз етеді. Осылайша, құс фабрикаларының артық өнімдерін шетелге сатуға мүмкіндігі бар.

2019 жылы республикадағы құс фабрикалары 527 млн дана жұмыртқа экспорттады. 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында экспорт көлемі 1542 тоннаны (30,8 млн дана) құрады.

Бұған дейін Қазақстандағы жұмыртқа өндіру саласы қиын жағдайда қалып отырғандығы хабарланған еді. Себебі жұмыртқаға берілетін субсидия алынып тасталып,экспортқа шектеу  қойылған болатын және ішкі нарықта өнімнің бағасы белгіленген.  Бұл орайда, өндірушілер  мемлекеттік қолдауды пайдаланатын ресейлік құс фабрикаларымен тең емес бәсекелестік жағдайда қалып отырғандықтарын жеткізген еді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.