30 июля 2021 Мал шаруашылығы

Қостанай облысында мал азығын субсидиялауға 1,8 млрд теңге қаражат бөлінді

Қостанай облысында жергілікті бюджеттен мал азығының құнын арзандатуға 1,8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан хабарлады.

Аналық ірі қара малдың бір басы үшін - 15 000 теңге, ұсақ мал басына - 2 500 теңге, жылқы - 10 000 теңге қарастырылған. Субсидия алу үшін фермерлердің шаруашылығы бірнеше талаптарға сәйкес келуі қажет.

«Біріншіден, бұл ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру және селекциялық  асыл тұқымды жұмыстың ақпараттық базасында аналық мал басының тіркелуі керек және сол мәліметтерге сәйкес болуы тиіс. Екіншіден, мал иесінің өз жайылымы болуы керек. Үшіншіден, аналық мал басының белгілі бір мөлшері болуы қажет. Осылайша, ІҚМ иелерінде 18 айдан асқан кемінде 50 сиыр мен бұзау, ұсақ мал иелерінде 12 айдан асқан кемінде 300 қой мен ешкі, жылқы иелерінде 36 айдан асқан кемінде 50 бас жылқылары болуы тиіс», - деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының АӨК бөлімінің бастығы Қайыр Айсин.

Субсидия алуға өтінімдер https://subsidy.plem.kz/ сайтында қабылданады

Сонымен қатар, қостанайлық малшылар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша қолдау шараларын ұсынуды сұрайды. Олардың ішінде «Байтерек» ұлттық компаниясы қаржы институттары алдындағы кредиттік міндеттемелерді өтеуді ұзарту; пайыздар мен өсімпұлдарды есептемей Азық-түлік корпорациюсы форвардтық сатып алу шарттары бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу бойынша міндеттемелердің орындалуын 12 ай мерзімге ұзартуды сұрауда,

Сондай-ақ, фермерлер Азық-түлік корпорациясы сатып алатын жемдік дақылдарды форвардтық және келісімшарттық сатып алу арқылы жем-шөп қорын қалыптастыруды сұрайды. Бұл ретте мал жеміне арналған қорға қара бидай және тритикале сияқты құнды дақылдарды енгізу қажет.

Бұдан басқа, инвестициялық субсидиялау бағдарламалары бойынша Қостанай облысында қосымша бюджеттен 4 млрд теңге, ауыл шаруашылығы техникасының несиелері мен лизингі бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді.

Келіп түскен ұсыныстар «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратына қарауға жіберілді.