Фермерлер жемшөп қорын құруды сұрайды
Құс фабрикаларындағы шығындар дәнді және майлы дақылдар құнының күрт қымбаттауына байланысты өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда баға жарты есеге өсті, соған орай астық пен басқа да жемшөп өнімдері жұмыртқаның өзіндік құнының 70% -ын құрайды. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің «Атамекен» ҰКП төрағасы Тимур Құлыбаевпен онлайн-кездесуінде өндірушілер жемнің қорын құру туралы ұсыныс жасады, деп хабарлады «Атамекен».
«Ағымдағы жылы дәнді және майлы дақылдар бағасы көтерілді, сондай-ақ қолданылатын қажетті материалдар, импорттық аминқышқылдары мен қоспалар құнының күрт қымбаттауы құс шаруашылығы саласының жұмысына әсер етті, бұл барлық санаттағы жұмыртқаның өзіндік құнының қымбаттауына әкелді. Ағымдағы жылы субсидиялау көлемінің төмендеуі және 2022 жылы жұмыртқаны субсидиялаудың толықтай болмауы құс фабрикаларының онсыз да мәз емес қаржылық жағдайын қиындатады», -деді «Есіл» құс фабрикасының директоры Мұрат Бакиров.
Ол әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мемлекеттік тұрғыдан реттеу құс фабрикаларына өз өнімдерін қолайлы бағамен сатуға мүмкіндік бермейтінін атап өтті. Кәсіпкерлер мәселені шешуді ұсынды.
«Жұмыртқаның өзіндік құнын төмендету үшін құс фабрикаларын жарты жылдық азық қорымен қамтамасыз ету бойынша жемшөп қорын құруды ұсынамын. Аталған жобаны іске асыру мақсатында қолданыстағы бағдарламаларға «Азық-түлік корпорациясы» ҰК арқылы логистикаға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу арқылы өзгерістер енгізуге, немесе жеткізуші, құс фабрикасы және Агрокредиттік корпорацияның жергілікті филиалдары арасында үш жақты шарт жасап, кепілдікке қарыз қаражат алу, астық қолхаттарын беруді пайдалануға болады. Мұндай жағдайда құс фабрикалары қолайлы бағамен астық алады, оны еркін режимде сатып алып, логистика арқылы қайтарымды төмендетуге болады», - деді Мұрат Бакиров.
Тақырыпқа байланысты оқу: Азық –түлік корпорациясы құс өсірушілерге жеңілдетілген бағамен жем бере алмайды
Өз кезегінде Атамекен аталған мәселе Ауыл шаруашылығы министрлігімен талқыланып жатқанын атап өтті.
«Шын мәнінде, қазіргі кезде жағдай қиын болуда, жемшөп баға саясатын реттемейді, алайда құс фабрикасы шығаратын соңғы өнім – жұмыртқа құнына әсер етеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары санатына енетін жұмыртқа бағасы соған байланысты бағасы өседі. Біз АШМ-ге осы мәселені шешудің екі жолын ұсынамыз. Біріншісі - Азық-түлік корпорациясымен бірлесіп жемдік қор құру. Екінші нұсқа - ол құрылған жағдайда әлеуметтік маңызы бар тауарлар тобын субсидиялау мәселесін қарастыру», - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Абильшаиков.