Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстан сиыр және қой етін экспорттауды арттырады
Қазақстан алдағы 4-5 жылда азық –түлік өнімдерін экспорттауды жоспарлауда. Бұл ақпаратты ҚР Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов өзінің Facebook парақшасында жазды.
Министр хабарлағандай, алдағы уақытта рецессия жағдайында барлық елдердің үкіметтері пандемия аяқталғаннан кейін экономиканы қалпына келтіріп, одан әрі дамыту үшін әртүрлі жолдарды іздестіре бастайды. Ондай кезде барынша пайда түсіретін экспортқа шығаруға болатын өнімдер қарастырылады. Шетелге тауар жөнелтуде валюталық кіріспен қатар, өндірістің жалпы рентабельділігін арттыруға назар аударылатын болады.
«Елімізден тыс жерде сұранысқа ие тауарларды шығара отырып, ішкі экономиканы сандық және сапалық тұрғыдан дамытуды жақсартамыз. Сондықтан шикізат емес тауарлар мен қызметтерді өндіру мен сыртқа шығаруды арттыру біз үшін басты басымдықтардың бірі деп санаймыз», — деді Бахыт Сұлтанов.
Қайта өңдеу өнімдерінің жалпы экспорттық әлеуетін сауда және интеграция министрлігі 2025 жылға қарай $17 млрд болады деп бағалады. Оның ішіне ең негізгі 16 таур енгізілді. Атап айтқанда түрлі азық — түлік өнімдері:өсімдік майы, макарон өнімдері, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер, қой еті, шошқа еті, сиыр еті. Сонымен қатар пестицидтер мен тыңайтқыштар.
Мамыр айының ортасына қарай құрамында сарапшылар бар үкіметтің жоба жасаушы кеңсесінің тоғыз тобы осы 16 позиция бойынша экспортты ұлғайтуға байланысты жұмыс жасайтын болады. Мемлекет экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау үшін олардың өнімдерін сыртқы нарыққа шығаруға көңіл бөліп, сондай-ақ ел ішінде оны дамытуға көмектесе отырып, барынша жағдай жасауға уәде берді.
Қазақстанда қазіргі кезеңде экспорттаушыларға сыртқы нарыққа өнімдерін шағаруға тыйым салғандықтан, сол шығындарды өтейді. Ағымдағы жылы бұл мақсатқа 8 млрд теңге бөлінді.
«Мен отандастарымыздың сиыр және қой етін неге сырт елдерге шығарады, өзімізге жетпей жатқанда-деген наразылықтарын жиі естимін. Алайда етті шет елге шығармасақ, оның құны арзандайды деген пікірді білдірмейді. Біз өткен аптада Біріккен Араб Әмірліктеріне 22 тонна тоңазытылған ет жібердік. Халық ішкі нарық үшін етті арзандату керек, тек артығын шетелге шығару қажет дейді. Тауарлардың бағасын нарық қалыптастырады (бағаны мемлекет реттейтін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды қоспағанда). Фермерлер тек табыс әкелмейтін тауармен айналысудан бас тартып, тиімді өнімді шығарумен айналысатын болады» — деп атап өтті министр.
Мысалы айтатын болсақ, 2017 жылы қарақұмық өте көп өсіріліп, бағасы 100 теңгеге дейін түсті. Алайда келесі маусымда қарақұмық егіс алқабы екі есе қысқарып, оның бағасы бірнеше есеге өсті. Сондықтан да ішкі өндіріс пен сыртқы нарық арасындағы тепе-теңдікті таба білуіміз маңызды деп санайды Бақыт Сұлтанов.