Қазақстан Германиядан мал әкелуге шектеулерді алып тастады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Германияның Баден-Вюртемберг Федеративтік жеріндегі блутанг бойынша эпизоотиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 2022 жылғы 5 мамырдан бастап блутанг бойынша Қазақстан Республикасына әкелуге бұрын енгізілген уақытша шектеулердің күшін жояды. Бұл туралы ElDala.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Атап айтқанда, Германияның Баден-Вюртемберг Федеративтік жерінен келесі тауарларды әкелуге шектеулер алынып тасталды:

  • тірі ірі және ұсақ қара малды, блутангқа сезімтал жабайы, хайуанаттар бағы мен цирк жануарларын, түйелерді және түйе тұқымдастарының басқа да өкілдерін (тайтайлақтар, альпакалар, викунья);
  • тұқымдық бұқалардың, қошқарлардың және ешкілердің ұрықтары, ірі және ұсақ қара малдың эмбриондары.

Тақырып бойынша оқу: Қазақстан төрт елден мал өнімдерін әкелуге шектеу енгізді

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.