Ауыл шаруашылығы министрлігінің шарасыздығы Қазақстанның мал шаруашылығын құрдымға жіберуі мүмкін

Мал шаруашылығымен айналысатын әлемдегі белгілі державалар өз фермерлеріне белсенді түрде көмектесіп, малға берілетін жем мен шөп бағасының өсуі саулық мал басының сойылуына алып келетінін жақсы түсінеді. Егер мұндай жағдай орын алса, бұл аталған саланы артқа тартып, бірнеше жылға кері сүйрейді. Сондықтан, прагматикалық тәсіл болашақта мал санын қалпына келтіруге он есе көп қаржы салғанның орнына қазіргі кезде мал азығын субсидиялауға шамалы түрде аз соманы жұмсау қажеттілігін жақсы түсінеді.

Бірақ, өкінішке қарай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ешқандай батыл шара қолданбауда. Тіпті жем-шөп шығаруға тыйым салуды аграрлық ведомство шеше алмады, бұл арпа бағасының тоннасы 95 мың теңгеге дейін көтерілуіне әкелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе қымбат, Азық-түлік корпорациясы өз ресурстарына 2 класты арпаның тоннасын 50 мың теңгеден сатып алған еді. Бұл - маусымның басы. Көршілер біздің астығымызды тауысқан соң, жағдайдың қандай болатынын ойлаудың өзі қорқынышты.

 

Алдағы жылдарға әсер ететін залал

Қалыптасқан жағдайды ElDala.kz порталына Мал шаруашылығымен айналысатын KazBeef компаниясының бас директоры Бейбіт Ерубаев (фотода) айтып берді. 

Тақырыпқа байланысты оқу«Мал жем-шөбіне қатысты жағдай қиын болып тұр»

- Арпаның бағасы жайлы айтсақ, оның бір тоннасы 95 мың теңге бұл мал шаруашылығымен айналысатын дар үшін өте қымбат, - деп атап өтті Бейбіт Ерубаев. – Өткен маусыммен салыстырғанда 100% -ға баға өскен! Ал ет бағасын көтере алмаймыз. Бұл жерде біз Канадада немесе АҚШ-та жасалып жатқандай біздің үкімет тарапынан шаралар жасалатын шығар деп күтіп отырмыз. Қазір мемлекет тез әрі сауатты әрекет етуі тиіс. Нарықтың ірі қатысушыларына мал азығын субсидиялау керек, соның арқасында біз  фермерлерден әділ бағамен мал сатып ала аламыз. Егер мұны жасамасақ, онда біз 2022 жылы ет бағасы қымбаттаған кезде дағдарыстың қайталанатынын көреміз. Бізде басқа жол болмайды.

Мемлекеттік қолдау тетігі әртүрлі болуы мүмкін. Не базада тіркелген аналық мал басына төленуі керек, не болмаса сатып алынған жемшөп көлеміне субсидия бөлінуі тиіс.

Тақырыпқа байланысты оқуМал жем-шөбін сыртқа алып кетуге тыйым салатын бұйрық жарияланды

Мал шаруашылығымен айналысатын дамыған елдер қазіргі жағдайдың барлық тәуекелдерін, қиындығын жақсы түсінеді. Ең басты міндет - аналық мал басын сақтап қалу, саулық мал фермерлер өндірісінің негізгі құралы болып табылады және ол жыл сайын төлді союды немесе сатуды қамтамасыз етеді. Егер бүгін фермерге қолдау көрсетпесе және аналық мал басының жоғалуына жол берілетін болса, онда бұл апатты жағдай болады, мұның салдары келесі маусымда білінеді. Ал саланы қалпына келтіру үшін ұзақ жылдар қажет болады және фермерлерді қолдауға жұмсалатын қаражаттан әлдеқайда көп қаражат жұмсау керек болады.

- Мысал үшін айтар болсақ, қолайсыз ауа райынан қатты зардап шеккен канадалық Альберта провинциясын алайық, - деді Бейбіт Ерубаев. - Онда фермерлерді қолдауға $136 млн бөлінеді. Бұл айтарлықтай қомақты сома. Саскачеван $100 млн ақша бөледі. АҚШ-та осындай орасан зор сома беріледі. Бұл - саланы сақтауға бағытталған дамыған мемлекеттің сауатты саясатты болып табылады. Бізге де, апаттың алдын алу қажет, қазақстандық фермерлерге де қазір мемлекеттен басқа көмек көрсететін ешкім жоқ.

Бизнес тұрғысынан қарайтын болсақ, құрғақшылыққа байланысты қалыптасқан жағдайды мойынмен көтеріп, жем-шөптің қымбаттауына байланысты қиындықты ескеріп, барлық малды сату немесе сою дұрыс болар еді. Яғни, шығынға ұшырап, жақсы кезеңді күту керек.

Тақырыпқа байланысты оқу: Olzha Agro компаниясы шем-шөп мәселесін қалай шешті

Бұл елдің жағдайына қалай әсер етеді? Азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келтіретіні анық: сиыр етін өндіру бүгінде де мемлекеттің ішкі қажеттілігін қамтамасыз етпейді. Аналық мал басын жоғалту ет тапшылығын арттырады. Оны импорттап басқа елдерден әкелуге тура келеді, бұл әрине бағаның өсуіне алып келеді.

Мәселенің екінші жағы - әлеуметтік. Мал шаруашылығымен айналысудың тоқтауы ауылдағы жұмыс орындары санының қысқаруына әкеліп қана қоймай (мал шаруашылығы жыл бойы, маусымдық жұмысты қамтамасыз етеді), сонымен қатар тізбек бойынша басқа да өндірістердің - ет комбинаттарының, логистикалық бөлімшелердің, тіпті сауда орындарының тоқтауына әкеледі.

 

Фермерлер қиын жағдайға тап болуда

Әрине, бизнес өзі тәуекелдерін, қиындықтарын бағалап, болған жағдайдан өзі шығуы тиіс деп айтуға болады. Бірақ бұл жағдайда негізінен мемлекет залал шегеді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан он жылдан бері аналық мал басын көбейтуге тырысып келеді. Мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдары арқылы мал шаруашылығына жүздеген миллион доллар жұмсалды. Инвестиция салу арқылы - елімізге жақсы генетикасы бар малдарды әкелінуде. Енді ғана аяғынан тұруға тырысып жатқан саланы қиын жағдайда жалғыз қалдыру өте әділетсіз болар еді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Геннадий Зенченко: «Иә, бұл апатты, қиын жағдай»

Бұл жерде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу кезінде жем-шөп өндірісі туралы мүлдем «ұмыт қалғанын айта кету керек. Елімізде жем-шөп дайындауға арналған техниканың аз екенін бәріміз білеміз, фермерлер жыл бойы жемшөп дайындаумен айналысуға мәжбүр, алайда талап бойынша шөпті жас және қоректік элементтерге бай болға кезеңде (мамыр-маусым) айларында ғана шабу керек. Егер одан ұзақ мерзімде жиналса, онда шабылған пішеннің -қоректік құндылығы болмайды жай пайдасыз, құнарсыз шөп жиналады.

Мал шаруашылықтарына анда-санда техника бөлу мәселесін шешіп қана қоямыз, ал шабындық, жем-шөп өсіруге арналған егістікпен және жайылымдармен қамтамасыз ету мәселелері мүлдем шешілмеді. Ал қолда бар жайылымдарға келетін болсақ, олардың көбін суаратын жер жоқ, бұл оларды мал шөбінің өсуіне жарамсыз етеді – себебі бұл жерлерді суаратын көздер жоқ.

Сондай-ақ, жем-шөп өндірісінің проблемасы - жем-шөп дақылдары тұқымдарының тапшылығы мен қымбаттығы тағы бар.

Тақырыпқа байланысты оқу: Ақбас сиырлар табиғат жағдайына жақсы бейімделуде

Осындай проблемаларды тізіп, айта беруге болады және олардың саны өте көп, осы жағдайдың бәріне кінәлі министрлер, алайда олар үздіксіз ауысуда, ал мал шаруашылығын дамыту үшін малды азықпен қамтамасыз етуге көмек көрсете  алмаған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі болып отыр. Елдегі мал жартылай аш болып, тіршілік еткен кезде, проблемалар көрінбеді. Елге құрғақшылық келген соң, шындықтың беті ашылуда. Бұған фермерлер кінәлі емес, олар осы жағдайдың құрбаны болып отыр.

Міне, сол себепті мемлекет, біріншіден, фермерлерге көмектесу үшін жедел шаралар қабылдауға міндетті, екіншіден, елімізде жемшөп өндірісін дамытудың толыққанды бағдарламасын әзірлеу қажет. Қазақстанда шексіз жайылым жер бар деудің қажеті шамалы. Қазақстан жағдайында сусыз жердегі шөпке малды жайып, ешкім де жоғары өнімді ет беретін мал ала алмайды. Оның үстіне қазір климаттың өзгеруіне байланысты жыл сайын құрғақшылық болып отыр.

 

Қымбат жем-шөп арқылы арзан мал өсіру мәселесі

Қалай болғанда да, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі барлық лоббистерге жағдай жасап, мал шаруашылығына қажетті қолдау көрсетпей бір орнында тұрған кезде осындай шарасыздықтан тек малшылар зардап шегуде.

Қазір мал бордақылау орындары қиын жағдайға тап болды, себебі олар жемшөп бағасына тікелей тәуелді. Егерде фермерлер егістікке малды өз бетінше жая алатын болса, онда малды бордақылайтын кезде жем-шөпті нарықтағы бағамен сатып алуларына тура келеді. Мал бордақылайтындардың жем-шөп өсіретін меншікті бөлімшесі болуы мүмкін, бірақ олар да азық бағасына байланысты барлық шығындарды көтере отырып, нарықтық жағдайға тәуелді жұмыс істейді. Ал ол биылғы маусымда өнімділігі төмен болғандықтан өте жоғары.

- Егер оларға мемлекеттік қолдау көрсетілмесе, мал бордақылаушылар жабылудың сәл –ақ алдында тұр, - деп атап өтті Бейбіт Ерубаев. - Әсіресе, өз өндірісінде жемшөп жетіспейтіндер. Оларға азықты сырттан сатып алу керек, ал бұл - орасан зор шығын. Оларды тек ет бағасын көтерген жағдайда ғана өтеуге болады. Бірақ қазір сиыр етін нарыққа қарай бағасымен сататын болсақ, онда ол халықтың төлем қабілетінің шектеулі болуына байланысты сұраныс таппайды. Міне, осылайша тұйық та тығырық жағдайға тірелудеміз.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы ТОП-7 ет өндіретін компаниялар

Алайда бұл жерде шығатын жол бар және ол үшін мемлекеттің көмегі керек. Егер ол мал азығын бордақылау орындарына сатып алуға субсидия берсе, онда олар қолда бар мал басын сақтап қана қоймай, сондай-ақ нарықта қалыптасқан қолайсыз конъюнктураға байланысты одан құтылғысы келетін ұсақ фермерлер мен жеке шаруашылықтарға мал сатып ала алады. Аналық мал басы пышаққа түспейді (немесе Өзбекстанға экспортталмайды), бордақылау орындарында мал басы сақталып, келесі маусымда төлдер туылып, жұмыс істеуін одан әрі жалғастырады. Мемлекет – мал бордақылау орындарының иелерімен осындай көмек көрсету шарттары туралы келіссөздер жүргізуі тиіс.

- Бұл жерде мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту перспективалары туралы  да ойлану қажет, - деп атап өтті Бейбіт Ерубаев. – Дағдарыс, қиындық ерте ме, кеш пе аяқталады, одан кейін тағы да мал шаруашылығын дамыту және мал басын көбейту мәселесі туындайды. Егер қазір мен айтып отырған шараларды жасамасақ, онда бұл саланы қайтадан нөлден бастауымызға тура келеді.

Тақырыпқа байланысты оқу: 2020 жылы инвестсубсидия алған ТОП-50 компания

Сонымен қатар, еліміздің мал шаруашылығының инвестициялық хал-ахуалы туралы ойлану керек. Үкімет те, жеке компаниялар да Қазақстандағы трансұлттық ет алпауыты Tyson Foods. жобасына қызығушылық таныту үшін үлкен жұмыс атқарды. Ол қазақстандық мал шаруашылығының дағдарысты қалай бастан өткергенін, қаншалықты орнықты болғанын бағалап, біздің үкімет пен АҚШ үкіметінің әрекеттерін салыстыратын болады. Бұл жерде батыс елдері прагматизмнің үлгісіне айналуы тиіс - ертең мал басын қалпына келтіруге көп қаржы құюдан гөрі, бүгінгі таңда жемшөпті субсидиялауға салыстырмалы түрде айтқанда аз ақша салған дұрыс.

 

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.