Қазақстан шошқа етін экспорттаушы ТОП-10

2020 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейін Қазақстаннан шетелге жөнелтілген шошқа етінің жалпы көлемі 481,86 тоннаны құрап отыр. Экспорт көлемі бойынша қызыл еттің бұл түрі сиыр етінен кейінгі екінші орынды иемденді (2202,05 тонна). Осылайша, шошқа еті қой етін (322,01 тонна) және жылқы етін (1,53 тонна) айналып өтті.

Еліміздің бес өңірі, атап айтқанда Ақтөбе (356,73 тонна), Ақмола (65,06 тонна), Солтүстік Қазақстан облыстары (55,32 тонна), Нұр-Сұлтан қаласы (2,93 тонна) және Қостанай қалалары (1,83 тонна) етті автокөлікпен шетелге жеткізуді жүзеге асырды.

Экспорттың екі бағыты – Ресей мен Армения.

Экспортталатын өнімдердің түрлері – шошқа еті, шошқа шпигі (қыртыс майы), мұздатылған шошқа еті, салқындатылған шошқа еті, түрлі кесектер, шошқа етінен жоғары сапалы жеңсік ас.

Сонымен, өңірлер арасында бірінші орында Ақтөбе облысы – 356,727 тонна.

Бестамақ кентінде жұмыс істейтін «Париж коммунасы ХХІ» ЖШС барлық көлемді берген жалғыз кәсіпорын. Экспортталатын өнімдердің түрлері – мұздатылған шошқа еті, салқындатылған шошқа еті, түрлі кесектер. Жөнелту бағыттары – Армения мен Ресей.

Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан қой етін экспорттаушы ТОП-12  

«Париж коммунасы ХХІ» ЖШС көп жылдық тәжірибеге ие асыл тұқымды шошқа шаруашылығының РІС трансұлттық компаниясымен серіктестікте жұмыс істейтінін айта кеткен дұрыс. 2017 жылы PIC ақтөбелік шошқа өсірушілерді ТМД-дағы 40 серіктес кәсіпорын арасында «Сойыс салмағының ең жоғары көрсеткіштері үшін» номинациясында «Хрустальный поросенок» арнайы сыйлығымен марапаттады. Бір жыл ішінде Бестамақта 100 мың шошқа сойылады, шошқаның тұтас етінің орташа салмағы 95 кг, ал Европада бұл көрсеткіш 85-ті көрсетеді.

Экспорттаушылар тізімінде екінші орында Ақмола облысы (атап айтқанда, Көкшетау қаласы) – 65,06 тонна. Экспортты жүзеге асырып отырған үш жеке кәсіпкер: ЖК Закревский В.И. (37,06 тонна), ЖК Щеголев Е. А. (25,5 тонна), ЖК Веймер В. А. (2,5 тонна).

Үшінші орында Солтүстік Қазақстан облысы (Петропавл) – 55,316 тонна. Шошқа шпигі, шошқа етінен жоғары сапалы жеңсік ас, мұздатылған шошқа еті осы жерден Ресейге кетеді. Екі экспорттаушы: жеке кәсіпкер Шестаков А.А. – 47,95 тонна және «Гермес СК» ЖШС – 7,366 тонна.

Елорда төртінші орында тұр. Нұр-Сұлтаннан Ресейге «V&Mushka Company» ЖШС 2,93 тонна мөлшеріндегі шошқа шпигін жөнелтті.

Тізімді Қостанай облысы (Аманқарағай, Затобол кенттері және Станционное ауылы) тұйықтайды. Ресейге 1,831 тонна шошқа шпигі мен мұздатылған шошқа еті жөнелтілді. Экспорттаушылар үшеу: ЖК Шафеев В.В. (1,1 тонна), ЖК Исабаев Г.Б. (0,562 тонна), ЖК Рузняев Е. В. (0,169 тонна).

Тақырып бойынша оқыңыз: Қазақстан сиыр етін экспорттаушы ТОП-15

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2019 жылдың соңында Қазақстанда шошқа саны 813,3 мың бас құрағанын атап өтеміз. 2020 жылдың алғашқы бес айында ел 339,4 тонна шошқа етінің жаңа сойылған, салқындатылған, мұздатылған түрлерін экспорттап (басқа өнім түрлерін қоспағанда), бұл 634,7 мың доллар табыс әкелді. Бұл ретте, ҚР-да шошқа етінің импорты аталған бес айда 1298,8 тоннаны құрады, ол үшін 2 млн 737,6 мың доллар беруге тура келді.

Сергей Буянов

Атауы
1
ТОО «Парижская коммуна ХХI»
ТОО «Парижская коммуна ХХI»
Толығырақ ...
357
: 357

2
ИП Шестаков А.А.
ИП Шестаков А.А.
Толығырақ ...
48
: 48

3
ИП Закревский В.И.
ИП Закревский В.И.
Толығырақ ...
37
: 37

4
ИП Щеголев Е.А.
ИП Щеголев Е.А.
Толығырақ ...
26
: 26

5
ТОО «Гермес СК»
ТОО «Гермес СК»
Толығырақ ...
7
: 7

6
TOO V&M Ushkan Company
TOO V&M Ushkan Company
Толығырақ ...
3
: 3

7
ИП Веймер В.А.
ИП Веймер В.А.
Толығырақ ...
3
: 3

8
ИП Шафеев В.В.
ИП Шафеев В.В.
Толығырақ ...
1
: 1

9
ИП Исабаев Г.Б.
ИП Исабаев Г.Б.
Толығырақ ...
1
: 1

10
ИП Рузняев Е.В.
ИП Рузняев Е.В.
Толығырақ ...
0
: 0