Байсерке-Агрода ғылым мен өндірістің ұштасуы

Байсерке-Агро  ауылшаруашылық холдингі 2000-шы жылдардың басында Алматыдан алыс емес, Алматы облысының Панфилово ауылында құрылған болатын. Қазір ол шын мәнінде көп бейінді аграрлық кластер болып қанатын кеңге жайып келеді.

Холдинг мамандары еліміздің жетекші аграрлық ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарымен серіктестікте етті және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал шаруашылығымен, асыл тұқымды жылқы және қой шаруашылықтарымен, сондай -ақ өсімдік шаруашылығымен – дәнді дақылдар (бидай, арпа, соя, сұлы) және жемшөптік дақылдар, шөп, пішендеме, сүрлем, сабан дайындаумен айналысуда.

Одан өзге, холдинг ет пен сүт өнімдерін өңдеуді жолға қойған. Мәселен, олардың зауытында дайындалатын «Разия» сүт өнімдерінің бренді Алматы мен облыста танымал. 

Байсерке-Агрода ауыл шаруашылығына заманауи шетелдік технологияларды енгізуге ғана емес, отандық аграрлық ғылымның дамуына да зор мағына берілуде.

Тақырып бойынша оқыңызҚазақстанда аграрлық ғылымды қаржыландыру екі есе артты

Байсерке-Агромен ҰАҒББО жүйесіне кіретін бес қазақстандық бейінді ғылыми-зерттеу институттары тығыз ынтымақтастықта.

Серік Садықов, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы:

- Біздің Байсерке-Агромен ынтымақтастығымыз 2019 жылы бізге тәжірибелік алаңдар ұсынылған кезден басталды. Биылғы жылы біздің ғалымдар 1 га алқапта отандық селекциядағы көкөністердің, атап айтқанда, «Эдем» картопының, «Қызылқоңыр» асханалық қызылшасының, «Супер 25» басты пиязының, «Карина» және «Афродита» асқабақтарының сұрыптарын сынақтан өткізбекші.

Суретте Серік Садықов

Сұрыптарға сынақ жүргізудің мақсаты жергілікті селекция сұрыптарының жергілікті климат жағдайларындағы жетістіктері мен артықшылығын көрсету ғана емес, сонымен қатар, заманауи технологияларды, оның ішінде жерасты суландыруды шаруашылықтардың өндіріс процесіне енгізу. Одан өзге, процесте өсімдіктердің қоректенуін жақсартатын, өскіндердің өнімділігі мен иммундық жүйесін қалыптастырудың бастапқы кезеңінде қолданылатын жаңа технологияларға сәйкес күрделі тыңайтқыштарды қолдануды тексереміз.

Тақырып бойынша оқыңызҚазақстандық ғалымдар жаңа биотыңайтқыш ойлап шығарды

Қазір өнім жинауға қызу дайындық жүруде. Алдын ала көзбен шолу арқылы бағалау отандық жеміс өнімдерін өндірушілерді қызықтыратындай, ал ең бастысы химияны қолданбастан жоғары өнімге қол жеткізуге болатынын көрсетуге болатыны туралы айтып отыр.

Жан Ниязбеков, Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары:

- Біздің Байсерке-Агромен ынтымақтастығымыз 2013 жылдан бері жалғасуда. Біз ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянды организмдерден, зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғаудың кешенді жүйесін әзірлеу бойынша бірлескен зерттеулерді үйлестіріп, жүргізумен айналысып келеміз. Зерттеулерде басты назар өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдарына аударылған, ал түпкілікті мақсатымыз химиясыз экологиялық таза өнім өсіру. Рас, бүгінгі күні тек зиянкестер мен ауруларға қарсы тұра алдық, ал арамшөптермен күресу әзірше химиялық заттарды қолданусыз мүмкін болмай келеді. Біздің институтта қазіргі кезде кеңінен қолданылатын отандық препараттардың бірі қабыршаққанатты жұлдызқұрттарға қарсы бағытталған «Ақ Көбелек».

Суретте Жан Ниязбеков

Сондай-ақ, біздің шетелде әзірленген препараттарға да жүгінетініміз бар. Мәселен, картоп екпелерін колорадо қоңызынан қорғау үшін украинада шығарылған «Актарофит» биологиялық препаратын қолданған болатынбыз. Оның 2 литрін бір гектарға пайдаланып, 12 сағат ішінде 100% нәтиже алдық.

Тақырып бойынша оқыңызҚазақстандық ғалымдар жерді терең жыртатын құрылғы ойлап тапты

Жеті жыл бірлескен ынтымақтастық бізге биологиялық препараттарды әзірлеу және енгізу бойынша мол тәжірибе берді. Атап айтқанда, біз әзірлеген қорғау әдістерімізді қолданудың арқасында соя өнімділігі екі есе артып, әр гектардан 3-4 тоннадан 7 тоннаға дейін өнім алу мүмкіндігі туды.

Николай Иванов, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институтының профессоры:

- Біздің институт соңғы 10 жыл барысында Байсерке-Агроға ғылыми-консультациялық көмек көрсетіп келеді. Ол жануарлар ауруларының, әсіресе өткір жұқпалы аурулардың, сондай-ақ адамдар мен жануарларға тән аурулардың алдын алуға бағытталып отыр. Қазақстанда адамдар мен жануарларға ортақ аурулардың саны 150-ге дейін жетеді. Барлық күш-жігер тек экономикалық нұқсан келтіретін ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алуға бағытталып отыр. Мұндай аурулардың қатарына, ең алдымен, бруцеллезді жатқызуға болады. Байсерке-Агро біз әзірлеген эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарын мұқият қарау және оны қатаң сақтаудың арқасында Алматы облысында мал өсірумен айналысатын аграрлық кәсіпорындар арасында нағыз таптырмас аралға айналғанын айта кеткім келеді. Шаралар ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы үш үлкен бөлімге бөлінеді. Дәл осы шаралардың барлығын қатаң сақтау ғана жануарларда аурудың алдын алуға көмектеспекші.

Суретте Николай Иванов

Шаралар ветеринария мамандарының тікелей көмегімен ғана жасалып, жүзеге асырылады.

Тақырып бойынша оқыңызҚазақстан сиыр етін экспорттаушы ТОП-15

Олардың мұқият сақталуы мал арасында таралмауын қамтамасыз етіп қана қоймай, инфекция болған жағдайда ошақты дереу жоюға көмектеседі. Атап айтқанда, холдингке ангустар әкелінген кезде, біз оларда Қазақстан Республикасының аумағында бұрын тіркелмеген көз аурулары бар екенін бірден байқаған болатынбыз. Нәтижесінде салдары сиырларды соқырлыққа әкелетін Moraxella тектес патогенді анықтадық. Әйтеуір ерте анықтаудың арқасында аурудың таралуына жол берілмеді. Кейіннен біздің зерттеу институтының ғалымдары моракселозды емдеуге арналған жақпа ойлап тапты. Қазіргі уақытта жақпа патенттеліп, одан әрі Қазақстанда тарату үшін Нұр-Сұлтанға жіберілді. Алайда, біздің алдымызда оны өндіру және біздің басқа әзірлемелерімізді өндіріс ауқымында жүзеге асыру түйткілі тұр. Сондықтан институт басшылығы отандық өндірушілерді отандық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету үшін өндірістік база – биомбинат құру мүмкіндігін іздестіруде.

Талғат Қарымсақов, Қазақ мал шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары:

- Біз «Байсерке-Агро» компаниясымен құрылғаннан бері жұмыс істеп келеміз. Холдингтің негізінде біз ақ-қара түсті сүтті гольштейн тұқымын көбейтумен айналысудамыз. Бұл бұзауды бағыттап өсіру, сиырларды ұстау, бордақылау және асылдандыру технологиялары. Бүгінде фермада осы тұқымды 1200 бас бар. Оның 380-і – сауындық. Орташа өнімділік жазда күніне 28 килограмнан, ал көктемде күніне 30 килограмнан асады. Бұл жоғары көрсеткіш болып саналады. Бұған жануарларға барлық қажетті макро- және микроэлементтер жиынтығын беретін дұрыс үйлестірілген азықтандыру арқылы қол жеткізіліп отыр.

Суретте Талғат Қарымсақов

Біз асылдандыру жұмыстарын АҚШ өндірушілерінен тұқымдық материалдарды сатып алу арқылы жүзеге асырып отырмыз. Осы  тұқымнан 90 - 95% дейін бізге қажетті жыныстағы, яғни сүтті бағыттағы ұрғашы бұзауларды алуға болады. Мұндай бұзаулар 12 айда ұрықтануға дайын, олардыі осы жастағы тірі салмағы 380 - 400 кг құрайды. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бұған бұзауларды арнайы өсірудің арқасында қол жеткізіліп отыр және біздегі барлық тайыншалар 14-15 айға дейін ұрықтандырылған болып келеді.

Тақырып бойынша оқыңызСолтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 12,8 млрд теңге болатын сүт фермалары салынуда

Байсерке-Агро компаниясымен бірлескен жұмыстың арқасында біз мұнда бордақылау рационын және бұзау өсіру әдістерін ретке келтіріп, өз технологияларымызды дамыттық.

Андрей Агеенко, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:

- Мен 2013 жылдан бастап Байсерке-Агрода селекциялық жұмыстармен айналысамын. Ал институт деңгейінде екі жылдан бері ынтымақтасып келеміз. Ынтымақтастықтың сөзсіз артықшылығы – холдинг біздің шаруаларымыздың тек өнім ғана емес, сонымен қатар пайда алулары үшін де барлық жағдайды жасап, алаңдармен, құрал-жабдықтармен, бүріккіш қондырғылармен қамтамасыз етіп келуі.

Суретте Андрей Агеенко

Яғни, біз фермерлерге қалай ұтымды жұмыс жасау жолдарын көрсетеміз. Біз дәнді дақылдар (сұлы, арпа, бидай), жемшөп дақылдарын (жоңышқа, сүрлем үшін жүгері, астық) өсіреміз. Бізде жоғары өнімділікке жету талабы қойылған. Біз астықты егудің әлемде баламасы жоқ бірегей технологиясын жасадық. Қолмен себуді қоспағанда, мұндай көбейту көрсеткішіне әлі ешкім қол жеткізе алған жоқ. Біз бұған өнеркәсіптік деңгейде қол жеткізіп отырмыз.

Егер әдеттегі көбею коэффициенті 20-30 болса, онда біз оны 10 есе 300-ге дейін арттыра алдық. Мысалы, біздің технология бойынша гектарына 15 кг сұлы себу нормасында 40-50 ц/га өнімділікке қол жеткізілді. Бидай егу нормасы гектарына 25 кг болған кезде, біз 42 ц/га қол жеткіздік.

Бұл жұмсақ күздік бидай түріне әлі атау берген жоқпыз, тек тіркеу нөміріне ие және оны келесі жылы өндіріске қосуды жоспарлап отырмыз.

Тақырып бойынша оқыңызҚазақстанда көпжылдық шөптерді себудің тиімді технологиясы жасалды

Жалпы, қазір бізде сұрыпталған астықтың 15-тен астам сұрыптары бар, олар әр түрлі сынақтардан өтуде. Бұл күздік, жаздық және факультативтік сұрыптар. Шын мәнінде, отандық және шетелдік селекционерлердің қатысуымен үлкен жұмыс атқарылуда. Бұл отандық ғылыми-зерттеу институттарының агрохолдингпен жүргізген бірлескен жұмысының аз ғана бөлігі, бұл бізге қазақстандық ауылшаруашылық ғылымының теориялық жағы туралы ғана емес, оны іс жүзінде қолдану туралы да айтуға мүмкіндік береді.

Сергей Алексеенок, автордың суреті

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.