Ақбас сиыр бордақылайтын Olzha Agro холдингі

 

Шаруашылық жем –шөбін өзі дайындайтын болса, кез-келген мал шаруашылығы кәсіпорныны үшін үлкен пайда болып есептеледі, өйткені мұндай жағдайда еттің- дайын өнімнің өзіндік құны төмендейді. Olzha Agro холдингі мал азығына арналған жемшөпті   үлкен көлемде өздері орып, дайындайды, сондықтан сиыр етін сату оларға өте тиімді.

Холдингтің негізгі бағыты өсімдік шаруашылығын өсіру болғанымен, бұл жерде мал шаруашылығын дамытудың келешегі де маңызды. Olzha Agro осы бағытта жақсы дамуда. Биыл көктемнен бастап олар өсімдік шаруашылығында жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жемшөпке қатысты мәселелерді шеше отырып, холдинг мал өсіру үшін өздеріне жақсы жағдай жасайды.

Фотода Айдарбек Ходжаназаров

-  Мал шаруашылығындағы басты табыс табудың бірі - жемшөп мәселесі, - деді OlzhaAgro компаниясының бас директоры Айдарбек Ходжаназаров. - Біз тек баға  туралы ғана емес, сапа туралы да айтып отырмыз. Холдинг мұны қарапайым жолмен шешті: бізде барлық керекті жеміміз бар. Қазір біз малдың күнделікті салмағын арттыратын жоғары калориялы, қуаттылығы жоғары жаңа жемге көңіл бөліп отырмыз. Биыл біз шамамен 450-500 ц/га сүрлем жинауды жоспарлап отырмыз. Шөп шабылып тасталды, гектарынан 80-нен 100 центнерге дейін алдық. Азықтандырудың жаңа тәсілін игеру арқылы бұқалардың салмағын бір күнде 1 килограмнан 1,2 келіге дейін арттыруға мүмкіндік берді. Болашақта күніне 1,5 - 1,6 килограмға жететінімізге сенімдімін. Азық конверсиясының ұлғаюы малды ұстау шығындарының азаюына ықпал етеді: біз бұқаны сою үшін 200 - 250 күн ұстайтынбыз, ал енді оны 100 - 150 күнде бордақылай аламыз деп ойлаймыз.

Қазіргі уақытта холдингте 8900 бас ІҚМ бар, оның 1150 - ақбас тұқымды, 3950 - герефордтар. Қалған табындағы малды «іріктеу» үстіндеміз, жай сиырлар мен асыл тұқымды бұқаларды ұстаудамыз. Олар келешекте - бесінші ұрпақтары таза асыл тұқымды болып шығады.

Холдингте барлығы 14 шаруа қожалығы мал шаруашылығы жұмыс істейді, оның 3-еуі мал бордақылаумен айналысады, 11-і репродуктивті шаруашылық.

Тақырыпты оқу: Olzha Agro голштин-фриз мал басын көбейтеді

«Олжа Беляевка» атты мал бордақылау орындарының бірі Қостанай облысы, Алтынсарин ауданы, Силантеевка ауылында орналасқан.

Фотода Владимир Колбасин

Осы ферманың бригадирі Владимир Колбасиннің айтуынша, қазір 234 бұқа бордақылануда, көбінесе герефордтар. Фермада әдетте - 1000 бас мал ұсталады. Негізгі малдардың көбі союға жіберілді, ал қалғандары семіруде. Бұқалар 450 - 500 кг жеткенде сойылады. Олар бұл салмақты 15-18 айдан кейін жинайды.

«Біз малдарды күніне үш рет азықтандырамыз», - деді Владимир Колбасин. - 5 - 6 см етіп, шөпті ұсақтайтын жем таратқыштар бар, біз оларға құрама жем қосамыз. Сондай-ақ бор, тұз қосып, оны сумен араластырып,малға береміз. Мысалы, бір орташа бұқа күніне 4-5 кг құрама жем және 6 кг шөп жейді. Жем –шөпті тартатын құрылғылар арқылы малдар жақсы салмақ қосуда. Холдингтің басшылығы  жаңа жем таратқышпен жабдықтап, бордақылау орындарын кеңейту туралы шешім қабылдады.

Мал бордақылау орындарына  Olzha Agro-ның өз шаруашылықтарынан таналар әкелінеді. Бұл 7-8 айлық бұзаулар. Орташа есеппен бір тәулікте 900 грамнан 1, 2 кг-ға дейін салмақ қосады.

Тақырыпты оқу: Қазақстан фермерлері астық науқанын бағалады

Қазір мұнда  6 және 18 айлық үш топта құнажындар бар. Жарты жыл болған бұқаларда ұсталуда, олар биылғы көктемгі төл.

Шаруашылықта 3 000 тонна азық дайындалды, бұл 18 айлық қор болып саналады. Шөп негізінен мая болып жиналады. Қауіпсіздік мақсатында маялардың жанына өртті болдырмау үшін найзағай тартқыштар орнатылады. Пішендеме екі қора болып, 3 000 тонна дайындалды.

Тағы екі-үш қораға 10 мың тонна силос дайындау жоспарлануда. Бұл қор екі жылға жетеді.

Сондай-ақ, «Олжа Беляевка» құрама жем шығарады. Бидай, арпа және бұршақ араластырып шығаратын  өз цехы бар.

Тақырыпты оқу: Olzha Agro күздік астық егуді 14 есеге арттырады

Дәл осы ауданнның Ілияс Омаров атындағы ауылда Olzha Agro репродукторларының бірі орналасқан, онда жылы мезгілде малдар жайылымда жүреді. Фермада негізінен ақбас және герефорд сиырлары мен бұзаулар өсіріледі.

Фотода Арман Елденбаев

- Қазір малдардың саны 914, оның 715-і асыл тұқымды, - деді «Олжа Беляевка» ЖШС мал шаруашылығының бригадирі Арман Елденбаев. - Біз малдар төлдеген сәттен бастап бұзауды сиыр етіп өсіргенге дейін ұстаймыз. Содан кейін таналарды бордақылау орындарына жібереміз, ал ұрғашы бұзауларды алып қалып, одан әрі өсіреміз.

Бұзауларды 6-8 айында енесінен айырамыз, ол кезде төлдер 230-дан 280 кг-ға дейін жетеді, жылы мезгілде малдар жайылымда болады, қыста олар табынға бөлінеді және олардың әрқайсысы жақсы жерде ұсталады. Қыста сиырлар шөп және жеммен қамтамасыз етіледі.

Репродуктор қысқы кезеңде күтіп-бағу үшін холдингтің басқа шаруашылықтарына 400-ге жуық асыл тұқымды малды беруге мәжбүр болды. Бірақ қазір бұл мәселе дерлік шешілді. Арнайы қоралар салынды, онда мал жайылымнан қайтқан соң кіргізіледі.

Сергей Алексеенок

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.