Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Eттi меринос: ең жақсы қой тұқымы
Қазақстанның етке байланысты экспорттық әлеуеті жайлы сөз болғанда, бірінші кезекте сиыр еті ойға оралады, алайда бізге қой шаруашылығы етене жақын. Бұл саланың малдарын бағуда және жайылымда жаюда бірқатар артықшылықтары бар.
Алматы облысы Мыңбаев ауылында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ҒЗИ , филиалы юолып саналатын К.У. Медеубеков атындағы қой шаруашылығы ҒЗИ орналасқан, мұнда жергілікті тұқымдарды өсірумен және әкелінген жаңа тұқымдарды бейімдеу мәселелерімен айналысады.
Сапасы жақсы
Дәл осы жерде көпжылдық селекциялық-асыл тұқымды жұмыстардың нәтижесінде 2011 жылы отандық қой шаруашылығында экспортқа бағдарланған биязы ет бағытындағы- Етті меринос тұқымы өсірілуде. Қойдың бұл тұқымы әлемдік аналогтар сияқты ет өнімділігі жоғары және меринос жүнді болып келеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Павлодарлық фермерлер меринос қойларды өсіруде қолдау көрсетуді сұрайды
Бұл тұқымның қозыларын еуропалық нарыққа экспорттауға болады. Сондай-ақ, Етті меринос қойларды өсіру отандық биязы жүнді қой шаруашылығын дамытуға жақсы серпін береді.
Фотода Нұржан Жумадиллаев
- Етті меринос 2011 жылы апробациядан өтті, бірақ бұл тұқымды өсіру жұмыстары өткен ғасырдың 80-ші жылдары басталды, - деді аталған тұқым авторларының бірі, Қой шаруашылығы ҒЗИ директорының орынбасары Нұржан Жумадиллаев,. - Қазақтың биязы жүнді тұқымы, дәлірек айтқанда, осы тұқымның ішіндегі бір түрі болып табылатын Сарыбұлақ тұқымы негізге алынды. Бұл түрдің басты айырмашылығы-тірі салмағы жоғары және көп жүн алуға болады. Сарыбұлақ типіндегі қойлардың өнімділік қасиеттерін зерттеу барысында жақсы ерекшеліктерімен қатар (жүннің жақсы қырқылуы мен сапасы, жергілікті табиғи-климаттық және жем-шөп жағдайларына бейімділігі) ет өнімділігі жағынан кемшіліктер бар екені анықталды. Яғни, еті ауыр. Сондықтан да алғы қойылған мақсат-ет сапасын жақсарту.
Ғалымдар бұл мәселені шешу үшін 2001 жылдан бастап жұмыс істеді. Бұл үшін Талғар ауданы мен Ескелді ауданының Ескелді ауылына асыл тұқымды мал зауытының өндірістік кооперативтеріне Германиядан Deutschе Merinofleischschaf тұқымды меринос қошқарлар әкелінді. Будандастыру үшін Сарыбұлақтағы аналық тұқымдармен жүргізілді, бұл жағдайда ет бағытындағы малдардың таза тұқымын өсіру әдісі қолданылды.
Импортқа жіберілетін қозылар
Жаң тұқымды өсіру кезінде ең бастысы қозы мен қой етін импорттайтын елдердің - Еуропалық Одақтың, Қытайдың, БАӘ мен Түркияның талаптары ескерілді. Дәл осы талаптарға Deutschе Merinofleischschaf тұқымы сәйкес келді, бұл малдың- еті майсыз, сапасы жақсы, еті көп болды.
Етті меринос тұқымды қозылардың орташа салмағы өте жоғары, жас малдың бір күндік салмағы 350 - 400 граммға дейін жетеді, ал бордақылау кезінде 300-350 грамм болады. Ересек саулық малдың тірі салмағы 65-75 кг, ал ең семіздері 85-90 кг, қошқарлар 110-120 кг, ең семіздері 140-150 кг-ға дейін жетеді.
Кез-келген малды өсіру кезіндегі негізгі пайда-қойды ет қылып сатудан түседі. Биязы жүнді қой шаруашылығында саулық мал жылына бір рет төлдейді және орта есеппен 3,5 кг жүн береді, осылайша, жүннен түскен кіріс 1 750 теңгені құрайды, қойдың етін сатудан 25-30 мың теңге пайда табуға болады. Сондықтан қой шаруашылығындағы негізгі өнім-қозы еті, ал жүн қосымша өнім ретінде қолданылады
- Қазіргі уақытта биязы жүнді қой фермерлердің арасында сұранысқа ие, өйткені Етті меринос қойларды өсіру қиын емес және қойды бағуда арнайы жем немесе шөп қажет емес, - деп атап өтті Нұржан Жұмадиллаев. –Қойлардың тұрқы едәуір үлкен, дене бітімі мықты, сырт пішінінде ақауы жоқ, жақсы қозғалады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы климат жағдайында ұстауға жақсы бейімделген, маусымдық жайылымдарға көшкенде көп жер жүре алады. Жазда таулы жайылымдарға 150-200 км-ге дейін айдалып, жайылады және оларды сол жерде 2,5-3 ай ұстауға болады.
Бұл қойдың тұқымы басқа барлық отандық биязы жүнді тұқымдардан ерекше, ол еуропалық ет тұқымдарымен бірдей және меринос жүнінің сапасы жоғары. Етті меринос жаңа тұқымды қошқарлар Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының шаруашылықтарында биязы жүнді тұқымдардың ет өнімділігін жақсарту үшін пайдаланады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандық қой етін экспорттайтын ТОП-12 компания
Мысалы, Түркістан облысы Қазығұрт ауданының бірқатар шаруашылықтарына Оңтүстік Қазақстан меринос қойларының ет сапасын жақсарту үшін 2010 жылдан 2013 жылға дейін Етті меринос қойларының 35 басы әкелінді. Тәжірибе көрсеткендей, бұл жағдайда оңтүстік меринос қойлардың еттілігі артып, биязы жүні нашарламады.
Тек қойдың жүні ғана емес
Қазіргі уақытта Етті меринос тұқымын жетілдіру бойынша селекциялық жұмыстар Алматы облысының 11 шаруашылығында одан әрі жасалуда. Мұнда 43,5 мың бас қой бар, оның ішінде 32,9 мың - саулық мал. Сонымен қатар басқа да биязы жүнді тұқымдармен қосылған қой тұқымдары да кездеседі: 2017 жылдан бастап Етті меринос тұқымының ішінде тез семіретін Иль-де-франс тұқымды қошқарлар әкелуде («Алматы асыл тұқымды мал зауыты» ӘКК, «Шаңырақ» ЖШС, «Хильниченко» ШҚ, «Сариев СМ» ШҚ, «Қалижан» ШҚ, ҚазҒЗИ ШҚ).
Иль-де-франс (ИДФ) - әлемдегі ең жақсы етті меринос қой болып саналады. Бұл малдардың дене тұрқы мықты, семіз, жамбастары етті болып келеді. Қойлардың тірі салмағы 100-160 кг, саулық 70-90 кг. Бір жылдық қошқарлар 70-90 кг тартады, саулық қозы 50-60кг жетеді.Сойған кезде олар 50-53% жақсы ет береді. Жүндері жұқа, қойлардан 8-12 кг, саулықтан 4-5 кг жүн қырқылады. Бұл тұқымның қошқарлары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, Португалияда, Ресейде және Украинада сұранысқа ие, бұл тұқымдар өнеркәсіптік будандастыру үшін кеңінен қолданылады.
-Иль-де-франс тұқымдық қошқарларды Етті меринос саулық қойлармен шағылыстыру малдың тірі салмағына оң әсерін көрсетті, - деді Нұржан Жұмадиллаев. –Қозылар ете жетіліп, құнарлылығы өсті, етінің сапасы жақсарды. Сонымен қатар, тұқымның жүн сипаттамаларына теріс әсері байқалмады. Сондай-ақ қазіргі уақытта ет-майлы қой шаруашылығында да өнімділік көрсеткіштерін жақсарту бойынша ауқымды селекциялық жұмыстар жүргізілуде, өйткені Қазақстандағы мал басының басым бөлігін (70-75%) құйрықты тұқымды қой құрайды. Мұнда осы тұқымдарды өсіруге қолайлы күрт континенталды климаттық ауа-райы ғана емес, сонымен қатар ішінара ұлттық дәстүрлер де рөл атқарады.
Қазақстандық Еділбай қойларымен ауқымды түрде селекциялық-асылдандыру жұмыстары жүргізілуде. Халықтық селекция арқылы өсірілген бұл тұқым кеңістік кезеңде ет және майлы қой шаруашылығында ресми түрде «жақсартатын тұқым» деп есептелді. Еділбай тұқымының артықшылығы-Қазақстан климатына жақсы бейімделеді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Не себепті Қазақстандық қойға шетелдік қошқарларды әкелу керек
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой етінің сапасын жақсарту үшін жақында Қырғызстанның етті-майлы қойларының гендік қоры пайдаланыла бастады. Әкелінген қойлардың тірі салмағы саулықта 80-100кг, ең жақсы деген тұқымда 120кг, қошқарлар 160-180кг, қошқардың ең көп салмағы 200-220 кг. Алайда бұл тұқымдарды негізінен қорада ұстайды, бұл қазақстандықтар үшін соншалықты қолайлы емес, өйткені біздің республикада мал жаятын жайылымдық жерлер өте көп.
Қойдың жаңа тұқымы
Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту перспективалары қозыларды экспортқа шығарумен байланысты. Ресейде және араб елдерінің нарықтарында сұраныс өсуде. Қытай нарығына да шығаруға мүмкіндік бар.
Гемпшир тұқымы
Доне мерино тұқымы
«Отандық қой өсірудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін еліміздегі тез семіретін ет-жүн және ет-май тұқымды қойлардың генофондын сақтау және жетілдіру қажет», - деп түсіндірді Нұржан Жұмадиллаев. - Ет өнімділігі, құнарлылығы, сүт өндірісі мен тез қоң жинайтын малдарды өсіруге ерекше назар аудару қажет. Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай қой тұқымдарының саны жеткіліксіз, сондықтан дүниежүзілік генофондты - Иль-де-Франс, Мерино флейшшафф, Мерино ланд, Доне мерино, Дорсет комолый, Шропшир, Суффолк, Гемпшир, Гиссар, тәжік тұқымдары және басқаларын әкелу қажет.
Ғалымдардың істеп жатқан жұмыстарының арқасында импортталған мал жергілікті жағдайға жақсы бейімделген жаңа тұқымдар мен түрлер шығаруға көмектеседі. Бұл қойларды мал асырайтын фермаларда өсіруге болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қой еті қашан Қазақстанда №1 болады
Қ.У. Медеубеков атындағы Қой ғылыми-зерттеу институтының жоспары- қой өсіру саласын дамытуға және кеңінен таратуға ықпал ететін түрлі іс-шараларды өткізу, отандық және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу болып табылады. Атап айтқанда, 2021 жылы Қазақстанның қой өсірушілерінің III конгресі ұйымдастырылып, оған алыс және жақын шетелдерден де сала мамандары шақырылатын болады.