Қазақстандағы АӨК-ке шағын техника қажет

ElDala.kz редакциясына  Қазақстан  фермерлер одағының президенті Жигули Дайрабаев ауылдық жерде түсірген бейне материалдарын жіберген еді. Аталған екі бейне роликте әбден тозығы жеткен тракторлар түсірілген, бұл техникалар жақын уақытта егіс алқаптарына шығарылатыны белгілі. Ол техникалардың шірігендігі бейне материалда көрініп тұр.

Шырмалған шеңбер

— Бұл бейне ролик Жамбыл облысында түсірілген, бірақ мұндай жағдай Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі, деді Жигули Дайрабаев. Қазіргі таңда елімізде 212 мың фермер бар. Солардың 15 пайызы ғана жаңа  трактор мен комбайндармен жұмыс істейді. Ал қалған 85% -ы кеңес заманынан қалған,тозығы жеткен техникамен жұмыс істеуге мәжбүр. Мен осы мәселеге үкіметтің назарын аударғым келеді! Бізде тұрақты ірі шаруашылықтар саусақпен санарлықтай ғана. Осы аталған жеке шаруашылықтарда техникалары жаңартылған. Егер біз АӨК-ті дамытқымыз келсе, ең алдымен аграрлық техникалық жабдықтарды жаңартуға көмектесуіміз керек, деді Жигули Дайрабаев.

Фермерлер одағы басшысының айтуынша, ауылдық жерде бизнесті дамыту үшін жағдай жасалмағандықтан, жастар қалаға кетуде. Аталған мәселеге басты назар аударуымыз қажет. Бір жағынан техника жоқ, ал екінші жағынан егер техника болса, онымен жұмыс істейтін мамандар жоқ. Жергілікті жерде механизатор, жүргізуші, дәнекерлеуші, малшы, табыншы, сауыншылар  жетіспейді. Жоқтың қасы деуге болады. Аталған мәселе Қазақстанды азық-түлікпен қамтамасыз етуде әсер етеді. Елдегі маңызды азық түліктерді өндіруде шетелдік импортқа 40-50% тәуелдіміз.

-АӨК-ті жандандыру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне көптеген өкілеттіктер мен қаржы ресурстарын беру керек, - деп айтты Жигули Дайрабаев.- Ауыл шаруашылығы экономикалық және әлеуметтік дағдарыстан шығу үшін бүкіл экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс, деді маман

Шағын фермерлер

Жигули Дайрабаев бейне ролик арқылы Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының жетекшісі  Төлеутай Рахимбековтың  пікіріне қолдау көрсетті.

Ғалым өзінің  Facebook  парақшасында Қазақстанның фермерлік шаруашылықтарын техникалық жағынан қайта жарақтандыру қажеттілігі туралы үлкен пост жариялады.Жаңартылған техникалар арқылы ған аграрлық секторға ел экономикасында басты орын алуға мүмкіндік берілетіндігі жайлы айтты.

 «ЖШҚ еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің жартысын өндіреді, ал мұндағы ұсақ шаруа қожалықтарының үлесі 80% (дәнді және майлы дақылдарды есептемегенде). Айта кету керек,аталған фермерлер ешқандай да мемлекеттік қолдаусыз жұмыс істеуде. Барлық субсидиялардың, арзан кредиттердің, арзандатылған отынның және өзге де «жақсылықтардың» 95% - дан астамы  аса ірі және ірі АШТӨ-ге ғана беріледі. Сондықтан, бүгінгі шаруашылықтардың басты құралдары атадан қалған күрек, айыр, лом және қайлалар. Осындай құрал жабдықтардаң арқасында да олардың еңбек өнімділігі басқа ірі кәсіпорындарға қарағанда әлде қайда жақсы, жоғары. Мен ұсақ шаруашылықтарды ірі кәсіпорындарға қарсы қоюды ойламаймын. Айтайын дегенім, егер біздің  ұсақ АШТӨ-ге механизация берсек, біздің ауыл шаруашылығы керемет жетістіктерге жетер еді деп ойлаймын. Бүгінгі күні ірі АШТӨ несиеге қол жетімділігінің арқасында алыс шетелден техника сатып ала отырып, өздерінің тракторлары мен комбайндарын 2-3 рет жаңартып отыр. Орташа АШТӨ нарықта қолданған техниканы алады немесе ірі өндірушілерден алады болмаса арзан ресейлік техниканы сатып алып, жаңартуда. Ал 30-жылдан  асқан барлық ескі механизмдерді ұсақ шаруашылықтар қолдануда. Олар қосалқы бөлшектерге және ЖЖМ-ның шығындарын төлеумен әлек. Қазіргі уақытта өнімнің өзіндік құны артып, ауыл шаруашылығының шығындары өсуде, азық — түлік бағасы қымбаттауда», - деп жазды Төлеутай Рахымбеков.

Шаруашылықтарды қолдау

ҰАҒБО басшысы ұсақ ШҚ мен ЖШҚ-ты арзан да шағын қуаттылығы 25-40 л.с. техникамен, сондай-ақ оған арналған тіркемелі/аспалы құрал жабдықтармен қамтамасыз етуді ұсынды. Мұндай агрегаттар Қостанайдағы зауытта жиналады.Бұл құралдардың артықшылығы бағасы төмен, арзан сондай-ақ үнемді.

Бұл техниканы фермерлерге қолжетімді ету үшін ғалымдар фермерлер одағымен бірлесіп мемлекеттік қолдау тәсілдерін ұсынды. Ол лизингті жылдық 4% - бен және құнының 50% - на дейін инвестициялық субсидияны төлеу қарастырылады. Сондай-ақ ауыл тұрғындарын осындай техникалармен жұмыс істеуге оқытуды ұйымдастыру қажет. Бұл бағдарлама бюджет шығын емес өте қолайлы деп санайды олар.

«Ауыл тұрғындары жылына 1-2 мың тракторлар мен олардың жабдықтарын сатып ала алады. Егер техниканығ орташа бағасышамамен 10 млн теңге болса, қажетті құралдардың жалпы құны 10-20 млрд теңге. Оның 50% -ын инвестициялық субсидия жапса, жылына 5-10 млрд теңгені құрайды. Оның жартысы бюджет арқылы төленеді, енді қалған . 2,5-5 млрд теңгені төлейтіндерді табу керек.Мүмкін бұл қалған ақшаны облыс өз мойнына алар? Сонда әрбір өңірге 180-360 млн теңгеден келеді»,- деп есептеді Төлеутай Рақымбеков.

ҰАҒБО басшысы АӨК-ті дамытудың мұндай жолы тек қана ірі шаруашылықтарға назар аударып көмектесе бергеннен гөрі әлдеқайда тиімді екеніне сенімді. Өйткені осы Жеке шаруашылықтар мен Шаруа қожалықтарының өнімі қаладағы базарларға келіп түседі. Ірі қала тұрғындарының  80%-ы олардың өнімдерін сатып алады.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.