АгроКеруен Егістік 2025
Қазақстанның фермерлері жаңа аграрлық маусымды қолайлы ауа райы жағдайында бастап жатыр. Топырақта ылғал қоры бар, температура қалыпты, мезгіл-мезгіл жаңбыр жауады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 23,8 млн гектар алқапқа көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу жоспарын жариялады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 518 мың гектарға артық. Әртараптандыру 1 млн га аумақты қамтиды – бұл алқапқа жоғары өнімді дақылдар – майлы дақылдар (365 мың га), бұршақ, жемдік, жемшөп, сондай-ақ қарақұмық және картоп егіледі.
ElDala.kz командасы мамыр айының екінші жартысында дәстүрлі АгроКеруен Егістік 2025 барып, егіс жұмыстарының барысы туралы еліміздің егістік алқаптарынан өзекті ақпаратты хабарлайды. Біздің бағытқа Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жиырма шақты шаруашылық кіреді.
Осы маусымда жобаның серіктестері «Эридон Қазақстан» (агрохимия және тұқым жеткізу) және EVS Group (тұқым жеткізу, топырақты өңдеуге арналған техника, астықты кептіруге және сақтауға арналған жабдықтар) компаниялары болды.
Күн сайын біз фермерлердің егістік алқаптарындағы жағдайдың қандай екенін бағалайтын есептерін жариялайтын боламыз. АгроКеруеннің жұмыс барысын біздің сайтымыздан, әлеуметтік желілерімізден және YouTube арнамыздан көріңіз!