Климаттың қолайсыз жағдайына бейімделген күздік бидайдың жаңа сұрыптары

Жаһандық климаттың өзгеруі Қазақстанның астық алқабындағы құрғақшылыққа әсер ететін болады деп сарапшылар көптен бері ескертуде. БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы кеңесшісі Сәулет Сәкенов бұл қауіпті тағы да айтып еске салды. Оның айтуынша, елде астық өндірісі 2050 жылға қарай 40 пайызға қысқаруы мүмкін.

Алайда, қазақстандық аграршылар ауа-райының қолайсыздығын тек алдын алып қана қоймай, әртүрлі ауылшаруашылық технологияларын қолданып, оны тиімді пайдалануға дайындалуда.

- Климат өзгеруде. Осыны ескеру керек және мұны пайдалану қажет», - деді Қостанай облысының егін алқаптарында жұмыс істейтін Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының директоры  Дамир Қалдыбаев.

 

Егінді жаңаша егу әдісі

Қазақстандық фермерлер қолдана алатын тиімді әдістердің бірі - күздік дақылдарды көп егу, яғни оңтүстікте майлы дақылдар, солтүстікте дәнді дақылдарды кеңінен отырғызу болып табылады.

Ғылыми мекемелер 1978 жылдан бастап күздік бидайдың «шығу мерзімін» зерттеп келеді. Көп жылдардан бері зертхана мамандары 20 - 25 га алқапқа ғылыми жасушаларды егіп, зерттеу жүргізуде. Бидайдың күздік сорттары іріктеліп алынды, ең төзімді сорттар анықталып, ауылшаруашылық технологиясы жасалды.

«Біздің шаруашылық шамамен 6-7 жыл бұрын егін егуді бастаған еді», - деді Дамир Қалдыбаев. - Қазір 187 гектар алқапқа егін егудеміз. Егілген сұрыптың атауы- Қарабалық күздік бидайы. Біздің зерттеулер көрсеткендей, бұл сұрып тіпті 18 - 20 градус аязда да қатып қалмайды. Бұл әсіресе қар қалың емес кезде және көктемде қар еріп жатқан уақытта егілетін астық.

Ауылшаруашылық  жайлы айтар болсақ, биылғы жылдан бастап Қарабалық ауылшаруашылық колхозында олар жаңаша егуді қолдануда - бұл әлемдік тәжірибе. Яғни, әрбір 4 метр сайын қыша отырғызылды, олар күзде 40 см –ге дейін өсіп, қардан қорғаушы рөлін атқарды. Жиналған «қар құрсауы» бидайға қосымша қорғаныс ретінде қызмет етті. Егер бұрын қысқы егістіктерде әлі күнге дейін аязды жерлерде дақтар пайда болса, биыл ондай зақымдалу болмады.

 

Қолайсыз жағдайлар тиімді болуы мүмкін

Аталған күздік дақылдардың артықшылықтарына келетін болсақ, олар көктемдегі еріген   суды және жауын –шашынды толығымен пайдаланады.

«Мамыр айында жаңбыр жауды», - деді Дамир Қалдыбаев. – Бұл ылғал күздік дақылдарға жақсы әсер етеді және ары қарай дұрыс өсетін болады. Енді бізге алдағы уақытта, маусым айында жаңбыр жаууы керек, содан соң егін бітік болады деп үміттене аламыз.

Бұл дақылдың артықшылығы туралы айтар болсақ, алдын-ала болжам бойынша күздік бидай әр гектардан 30 - 35 центнерден береді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бірақ бастысы - астықтың көлемі ғана емес, сапасы да жақсы болуы тиіс. Күздік бидай әрдайым 2-3 сұрыпты болады, клейковина индексі 30% -дан жоғары, табиғи түрінде 800-ден төмен емес болады. Ал жаздық бидай көбінесе 4 сұрыпты болады.

Күздік бидайдың қосымша артықшылығы - шілде айының аяғында - тамыздың басында пісетіндігі. Бұл уақытта жаңбыр болмаған кезде егін орылады. Соның нәтижесінде, дән  ылғалды болмайды,түрлі аурулардан және зиянкестерден таза болып бүлінбейді. Осылайша шамадан тыс құрғақ жаз егін егу үшін оңтайлы да пайдалы болады.

- «Қазір күздік бидай Қостанай облысында кең таралмаған», - деді Дамир Қалдыбаев. - Менің ойымша, барлығын қосқанда 1 мың гектар жер болмайды. Оны бірнеше шаруашылықтар ғана егеді. Бірақ мен мәселені зерттедім - көршілес Челябі облысында 16 мың гектар алқапта күздік дақылдар егіледі. Бірақ біздің өңірлердің климаттық жағдайы ұқсас. Сондықтан, менің ойымша, бұл егіннің алқаптарын ұлғайту керек. Фермерлер бұған дайын: біз 187 гектар жерден алатын барлық тұқымдарды жинап үлгердік. Бұл өте қуанарлық жағдай. Біз өзіміз де келесі жылы егіннің көлемін 400 гектарға дейін ұлғайтуды ойлап отырмыз. Уақыт өте келе біз егістік жерлердің жалпы көлеміндегі күздік дақылдардың үлесін 10-15% -ға жеткіземіз. Бидай ғана емес - біз қара бидай мен тритикале егудіде жоспарлаудамыз. Әрине, маркетинг мәселесін қарастырған жөн. Егер жем-шөпке қызығушылық танытатын жақын маңдағы мал бордақылау шаруашылықтарымен  келісім жасасақ, біз тритикале егетін боламыз.

Әрине, бұл бидай көбінесе қыстың қалай болатынына байланысты. Соңғы жылдары температура көтеріліп, қыс жылы болып жүр. Мысалы, Қостанай облысындағы қаңтардағы орташа температура өткен қыста минус 8 градус болды, әдетте бұл аймақтағы орташа норма минус 16 болатын.  Қарабалық АШИ ғалымдары да соңғы уақытта температураның жоғарылауын растауда.

 

Бидайдың сұрпы өте маңызды

Әрине, біз тұқымдарды дұрыс таңдау туралы мәселені ұмытпауымыз керек. Мұнда ғалымдар жергілікті сұрыпқа басымдық береді, өйткені қысқы сорттарды аймақтарға бөлу өте маңызды.

«Жыл сайын біз шетелдік сұрыптарды еліміздің табиғат жағдайында қалай өсетіндігін  зерттеедемі», - деді Дамир Қалдыбаев. - Ал біз Ресейдің жылы аймақтарынан Түркиядан әкелінген бидай тұқымдары бізге сәйкес келмейтінін көріп отырмыз. Бірақ көбінесе фермерлер белгілі бір сұрыпты сатып ала салады, мысалы, Краснодар өлкесінде әр гектардан 40-50 центнерден өнім алғанын көріп, оны Қазақстанда да өседі деп үміттеніп алады. Ал шындығында ол шықпауы мүмкін. Сондықтан жергілікті жердің жағдайына  бейімделген тұқымды алу қажет, сонда ғана олар қыста аман қалып, сапалы астық жинауға мүмкіндік береді деп үміттенуге болады.

«Қарабалық» ауылшаруашылық кешенінің селекционерлері күздік бидайдың барлық түрін өсіріп шығарды, атап айтсақ, Қарабалық, Қабалық 101, Аяз, Герда, Белоглинка сияқты сорттар - жақында жасалған жаңа сұрыптардың түрі.

Сергей Буянов

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.