ҚазАТУ ғалымдары нарықты жалған тауарлардан қорғауға көмектеседі

Сәкен Сейфуллин атындағы агротехникалық университет ғалымдары 15 жыл көлемінде еңбектеніп, тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалаудың 30-дан астам әдісін жасап шығарды Атап айтқанда, олар түрлі контрафактілік өнімдерді  анықтауға мүмкіндік береді. Бұл зерттеулер университеттің тамақ қауіпсіздігі зертханасында да, өндіріс жағдайында да сынақтан өтті.

 

Жалпы мәселе

Азық-түлік қауіпсіздігі - бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (ФАО) және басқада мекемелер басты назар аударатын жаһандық мәселе.

Өнеркәсіптің қарқынды дамуы жағдайында топырақтың, судың, жем мен ауаның ластануы орын алатындықтан, азық-түлік қауіпсіздігі кез-келген елдің негізгі мәселесі болып табылады. Нәтижесінде зиянды заттар өсімдік және мал шаруашылығы өнімдеріне түседі, бұл химиялық, радиоактивті және биологиялық ластану салдары жануарлар мен адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді.

Тақырыпты оқу: ҚазАТУ-ды  трансформациялау университет дипломдарының халықаралық деңгейде танылуына көмектеседі

Әлемнің барлық аймақтарында адамның іс-әрекетінен экологиялық жағдай нашарлай бастады, оның салдары тағам сапасына әсер етуде. Адам денсаулығына өте қауіпті, химиялық және биологиялық заттар азық-түлік өнімдеріне, ауылшаруашылық шикізаттары мен тамақ өнімдеріне оларды өндіру кезеңінде, сондай-ақ сақтау, дайындау және таңбалау кезінде енеді және жиналады.

Тағамның микробты, паразиттік және химиялық заттармен ластануы әсерінен тамақ аурулары барлық жастағы адамдарда пайда болады, әсіресе 5 жасқа дейінгі балалар мен табысы аз аймақтарда тұратын адамдарға қатты әсер етеді.

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінетін себебі нарықта сапасыз және жалған өнімдердің шамадан тыс көп болуымен байланысты, оның ішінде импортталатын өнімдер нарықта еркін сатылуда.

Ғалымдар құрамында антибиотиктер, микотоксиндер, уытты элементтер, нитраттар / нитриттер, түрлі консерванттар, бояғыштар, дәмдеуіштер және т.б. бар тамақ өнімдерін сату өте қауіпті екендігін айтуда. Шетелдік заттарды өндіру және өңдеу кезінде бұл зиянды заттар қоршаған ортадан өнімге өтуі мүмкін немесе оларды сақтау мерзімін ұзарту үшін өндірушілер әдейі салуы мүмкін.

 

Шектеулі ресурстар

Қазақстан Республикасында ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларының мүмкіндіктері шектеулі болып табылады.

Біріншіден, олар антибиотиктердің, гормондардың және микотоксиндердің қалдық мөлшері сияқты ластаушы заттарды анықтауға мүмкіндік бермейтін нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып жұмыс істейді.

Екіншіден, толық микробиологиялық зерттеулер жүргізілмейді.

Үшіншіден, олар көбінесе ескірген жабдықтарды пайдаланады және ферменттермен байланысты иммуносорбенттік талдау, полимеразды тізбекті реакция, жоғары өнімді сұйықтық хроматографиясы, масса спектрометриясы сияқты заманауи әдістерге қол жеткізуге мүмкіндіктері жоқ.

Осылайша, мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін бақылау мәселелері қадағалаусыз деп айтуға да болады.

Сонымен қатар, әлемде тамақ өнімдеріндегі бөгде заттарды анықтау үшін көптеген заманауи әдістер қолданылады. Алайда, алдыңғы қатарлы шетелдік әдістер (мысалы, жоғары өнімді сұйықтық хроматографиясы, газды хроматография, масс-спектрометрия және басқа технологиялар) өте қымбат және олармен жоғары білікті мамандардың жұмыс істеуі қажет. Аталған жаңа құрылғылардың реактивтері мен шығын материалдары да аз ақша тұрмайды.

Тақырыпты оқу: ҚазАТУ ғалымдары Ақмола облысындағы қауіпсіз балықты атап көрсетті

Елдегі бақылаушы ұйымдардың бюджеті шектеулі болғандықтан, Қазақстанда сатылатын азық-түліктердің барлығы бірдей тексерілмейді, бұл тұтынушылардың денсаулығына қауіп төндіреді.

Осылайша, азық-түлік қауіпсіздігі мен сапасын бағалаудың жаңа, қарапайым және сенімді әдістерін әзірлеу қажеттілігі туындайды.

 

Өнімдердің табиғи екендігін сынау

ҚазАТУ-дың Ветеринариялық санитария кафедрасының мамандары үшін ғылыми зерттеулердегі басты жұмыстардың бірі –өнімдердегі бөгде заттарды және тағамның жалған –табиғи емес болуын анықтаудың жаңа әдістерін жасау және қолданысқа енгізу болып табылады.

Тақырыпты оқу: Еуропа балымен салыстырғанда Қазақстан балы қауіпсіз

Соңғы жылдары ғалымдар жедел диагностика жасаудың ондаған әдістерін жасап шығарды және оларды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі зертханалары, сүт зауыттары мен фермаларының зертханалары, ет өңдеу кәсіпорындары өз жұмыстарында қолдана алады.

Атап айтсақ, олар:

  • Еттің жаңа сойылғандығын-балғындығын анықтау әдістері;
  • Еттегі калий перманганатының құрамын бағалау әдістері;
  • Құс етіндегі белсенді хлор қалдығын анықтау әдістері;
  • Тамақ құрамындағы нитраттар / нитриттерді анықтау әдістері;
  • Малдар мен жануарлардың түрлерін анықтау тәсілдері;
  • Сүттің табиғилыған анықтау әдістері (ұнтақталған сүтті анықтау);
  • Генетикалық түрлендірілген тағамдардың қауіпсіздігін биотест әдісімен анықтау;
  • Тағамдардағы антибиотиктердің қалдық мөлшерін анықтау әдістері;
  • Балдың таза болуын анықтау тәсілдері және басқа да әдістер жасалды.

Халықаралық ғылыми журналдарда жарияланған ҚазАТУ-да жүргізілген зерттеулердің нәтижелері көптеген қазақстандық және шетелдік ақпараттық құралдар арқылы кеңінен таралды.

Юрий Балджи, ветеринарлық ғылымдар кандидаты, ҚазАТУ-дың ветеринарлық санитария кафедрасының доценті

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.