Балджи Юрий Александрович

Балджи Юрий Александрович

Nft-KATU директоры, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті ветеринария ғылымдарының кандидаты, Ветеринарлық санитария кафедрасының доценті
395
Жасы: 45 жаста

Facebook-тегі профилі.

Астана қаласында дүниеге келген.

Білімі

1994-1998 жылдары – Ақмола аграрлық-техникалық колледжі, мамандығы: «Ветеринария».

1998-2003 жылдары – С. Сейфуллин атындағы Қазақ аграрлық университеті, мамандығы: «Ветеринарлық-санитарлық дәрігер».

2003-2006 жылдары – С.Сейфуллин атыындағы ҚазАТУ жанындағы аспирантура.

Карьерасы

1998 ж. – Ақмола облысы «Родина» ӨК ветеринарлық фельдшер.

2003 ж. – С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің Ветеринарлық санитария және мал шаруашылығы өнімдерін сертификаттау кафедрасының ассистенті.

2007-2010 жылдары – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ветеринарлық санитария кафедрасының ассистенті.

2010-2012 жылдары – С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ветеринарлық санитария кафедрасы доцентінің м.а.

2010 ж. – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ патент жүргізушісі.

2012 ж. бастап – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Ветеринарлық санитария кафедрасының доценті.

2018 ж. бастап – С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ Ветеринарлық санитария кафедрасының меңгерушісі.

2018 ж. қарашасынан бастап –  Nft-KATU директоры.

Наградалары мен атақтары

2010 ж. – ҚР Дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендиясы тағайындалды.

2011 ж. – ҚР «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік гранты.

2014 ж. – ҚР Дарынды жас ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендия.

2015 ж. – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрметті грамотасы.

2019 ж. – «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы» құрметті атағы берілді.

Өмір сүру стилі

Ұнататын цитатасы: «Ашу – әлсіздіктің белгісі. Мейірімді болу әрбір адамның қолынан келе бермейді.»

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 06 февраля 2024