Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Азық-түлік корпорациясы фермерлердің көңілін қалдырды
Қазақстанның Фермерлері форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша Азық түлік корпорациясының жұмыс тәжірибесіне наразы болуда. Аграршылардың пікірінше, бұл корпорация бағаны нарықтан әлдеқайда төмен етіп белгілеген, көктемгі дағдарыс кезінде қаржылай қолдау көрсетпеді деп реніштерін білдіруде.
Форвардтық сатып алу механизміне сәйкес, елдің фермерлері көктемде қаржыландыру алып, күзде белгілі бір бағамен астық арқылы төлеу міндеттемесін алды. Азық-түлік корпорациясы бұл бағаларды қыркүйек айында жариялады. 4 – сыныпқа – 78 мың теңге/тоннасы, 3-сыныпқа-сапасына қарай 83 мыңнан 87 мыңға дейін. Фермерлер үшін бұл шешім күтпеген жағдай болды-нарықтағы баға әлдеқайда жоғары: 4 - сыныпты бидай 87 мың теңге, 3-сыныпты бидай 90 мыңнан 94 мың теңгеге дейін.
Тақырыпқа байланысты оқу: ҚазАгро Азық-түлік корпорациясының акцияларын республиканың меншігіне берді
Тақырыпқа байланысты оқу: Агротехнология арқылы әр гектардан 500 доллар қалай пайда табуға болады?
Айта кетерлік бір жағдай, нарықта «өнімнің егістік басындағы» бағасы көрсетіледі, ал азық-түлік корпорациясына тапсыру кезінде фермер ол өнімді тасымалдап, қосымша қаражат жұмсайды, сондай-ақ элеваторлардағы зертханаларда тағыда мәселелер туындайды.
- Яғни, фермер Азық – түлік корпорациясына элеваторға астық әкелгенде олар бағаны төмендету үшін зертханалық талдау жасау арқылы түрлі қорытындылар айта бастайды, - дейді ««Найдоровское» ЖШС директоры Павел Лущак. - Ал қазір көптеген шаруашылықтарда талдама жасайтын зертхана бар, сол арқылы өнімнің сапасы қандай екенін алдын –ала білеміз ғой. Міне, сондықтан да астықта соншалықты қоспа немесе арамшөп көп емес екенін жақсы түсінеміз. Ал элеватор бізден нешетүрлі жалған қоспаларды «табады».
Осылайша, форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша астықты тапсыра отырып, фермер бір тоннадан шамамен 10 мың теңге немесе нарықтық бағаның 12-13%-дай ақша жоғалтады. Бұл кез-келген экономиканың кірістілігіне айтарлықтай соққы болып табылады. Неліктен фермерлерге осыншалықты «соққы» беретіндігі түсініксіз. Бұл әрекетті ауыл шаруашылық техникасына кәдеге жарату алымын енгізумен салыстыруға болады. Бұл да осы маусымда ауыл шаруашылық экономикасына әсер етті.
Тақырыпқа байланысты оқу: Бидайдың тоннасы 100 мың теңге болып қымбаттайды
Бірақ бастапқы кезде форвардтық сатып алу бағдарламасын Мемлекет еңбеккерлерді қолдау шарасы ретінде ұсынған еді!
«Азық – түлік корпорациясы мұншалықты бағаны төмендетеді деп күтпеген едік», - деп жалғастырады сөзін П. Лущак. - Осы маусымда форвардтық сатып алуға қатысқандардың барлығы алданып қалды деп есептеймін. Біз олардың бағаны нарықтағыдан 5% - ға төмен болатынына дайын едік. Алайда олар одан әрі нарықтан 12-13% - ға төмен етіп қабылдады. Неліктен фермерлерге осыншама қиындықтар туғызатындығы түсініксіз.
Бірақ келесі жылы форвардтық сатып алу бойынша азық-түлік корпорациясымен жұмыс істегісі келетіндер мүлдем болмайды немесе олар өте аз болады. Себебі форвардтық сатып алу фермерлерге кез-келген банктік несиемен бірдей мөлшерде ақша төлеуде, тіпті одан да қымбат деуге болады: олар ақшаны 4 ай бойы пайдаланады, осы уақыт ішінде 12% төледі. Жылдық есептеуде бұл 36%. Мұндай шарттар кімге тиімді? Фермерлерге пайдалы деп ойламаймын.
Тақырыпқа байланысты оқу: KazGrain және Азық-түлік корорациясы экспорттық бағаға мониторинг жасайтын болады
Сонымен қатар, фермерлер баға одан әрі өседі деп ойлауда. Павел Лущак жаңа жылға қарай 3-сыныпты астық 100 мың теңгеге дейін қымбаттайды деп есептейді. Бағаның бұдан жоғары болатынына фермер күмән келтіреді.
- Астық ұн бағасымен жабылады, - деп түйіндеді Павел Лущак. – Сонымен қатар, Өзбекстан мен Тәжікстан бидайды үлкен көлемде алып алды, ал қымбат астықты олар алмайды.
Өз сөзін дәлелдеу үшін фермер Сарыағаш станциясындағы бағаның ауытқуына назар аударады. Әдетте мұнда тоннасына $5 – $10. Ал осы маусымда бұл $30 болып тұр. Яғни, шартты түрде $210 бағасы бар, ал $240 бар. Бұл астықты жоғары бағамен сату мүмкін емес дегенді білдіреді және күткісі келмейтіндер қазірдің өзінде бағаны сатып алушылардың сұранысына қарай төмендетіп сатуда.
Фотоның авторы Сергей Буянов