Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Мал азығы маңызды мәселе. АгроКараван Сүт 2021, 4 күн
Eldala.kz порталының АгроКараван сүт іс-шарасы Ірі қара малдың сүт және құрама тұқымдарының республикалық палатасы мен «Мустанг Азия» компаниясының қолдауымен жолға шықты.
Кезекті аялдама Шығыс Қазақстан облысында орналасқан ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі Майлы дақылдар тәжірибелік шаруашылығы болды. Өсімдік шаруашылығынан басқа мұнда мал шаруашылығын да, оның ішінде сүт шаруашылығын да дамытуда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Голштин тұқымының «Родинасы» АгроКараван Сүт 2021, 3 күн
Фермадағы сиырлардың жалпы саны - 4000 бас, оның ішінде сауылатын сиыр саны- 1500. Голштин-фриз тұқымы таңдалып алынды, бұл сиырлар жоғары сүт өнімділігінің арқасында шетелдік селекционерлердің үздік еңбектерінің нәтижесі болып саналады. Республикалық ІҚМ сүт және құрама тұқымдары палатасының мәліметінше, 2020 жылы МДТШ 13 073 тонна сүт өндірген.
- Аса тиімді канадалық голштин-фриз тұқымының сүт өнімділігі өте жоғары, - деді бригадирдің сиыр сауу ісі бойынша көмекшісі Ұлан Камалиев (суретте). - Сиыр малы бүкіл кальцийді, барлық дәрумендерді сүтке береді, сондықтан сиырды күтіп-баптау жағдайына өте мұқият қарап, назар аудару керек.
Яғни, сиырды қажетті азықпен қамтамасыз етпесе, ең қымбат сиыр тұқымның өзі пайдасыз жарамсыз болып қалады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Мал азығы сүт фермаларының тиімділігін қалай арттыруда
Қазіргі кезде мал азығын сатып алу шаруашылықтарға өте қымбатқа түседі, сондықтан мал шаруашылығымен айналысатын фермерлер мал азығын өздері өндірулері қажет. Бізде жалпы, бұл жұмыс жақсы жолға қойылып, бүгінде шаруашылық алқаптарында барлық қажетті дақылдар өсірілуде.
Биыл мұнда 900 га жүгері, 600 га люцерна, 190 га күздік қара бидай егілді, осы маусымда судан шөбі 72 га жерге тәжірибе ретінде егілді. Бұл дақылдардың барлығы өз аймағымызда өсіріледі. Жауын-шашынның жеткілікті деңгейі және топырақты жақсы тыңайтудың арқасында жоғары өнім алуға мүмкіндік бар.
- Ауыл шаруашылығындағы дақылдарда кездесетін зиянкестермен күрес биылғы жылы көпшілік ойлағандай соншалықты қорқынышты емес, - деп ойымен бөлісті бас агрономның көмекшісі Әлішер Серікжанов (суретте). - Қазақстанда қазір шалғынды қамыс көбелетері жаппай шығуда, бұл жәндіктер 4-5 жылдан бері жыл сайын пайда болып келеді, бірақ, негізінен, біз тез арада тиісті шара қолданып, күресіп келеміз. Бұл өнімді сақтауға және арттыруға мүмкіндік береді. Сапасы да жақсарып келеді.
Өз шаруашылығымызда малды ұстауда енгізген тағы бір озық әдісіміз-Қазақстанда алғашқылардың бірі болып өңделген және залалсыздандырылған көңді төсеніш ретінде пайдалану болды. Арнайы сепараторға қысыммен көң түседі, онда жоғары температурада кептіріледі және зарарсыздандырылады. Содан кейін көң жинақтағышқа жіберіледі.
Тақырыпқа байланысты оқу: Шөл даладағы «Айс» АгроКараван Сүт 2021, 1 күн
- Біз бұл көңді сиырдың астына жинап алып, зарарсыздандыру үшін секцияларға тасимыз, - деп түсіндірді Ұлан Камалиев. Бірінші кезекте малдың асты құрғақ, таза болуы керек, бұл сауын сиыр үшін өте маңызды.
Егер фермадағы барлық жем жейтін мал басын есептесек, онда 1 бас сауын сиырдан орташа есеппен - 24-26 литр сүт сауылады. Қазіргі таңда шаруашылық тәулігіне 40 тонна сүт өндірісіне шығуды жоспарлауда.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы 2020 жылғы сүт өндіретін ТОП-50 компания
Кәсіпорын өз өнімдерін әзірше өздері өңдеиейді, бұл істі әлі жолға қойған жоқ, сондықтан сауған сүтін өңірдегі белгілі компанияларға «Восток-молоко», «Эмиль», «Багратион» өндірушілеріне өнімдерін сатуда.
Сиырды бағып ұстаудың және малдың рациондары қаншалықты маңызды екенін украиналық зоотехник маман Валерий Новицкий (на фото), әңгімелеп берді.
- Қазір МДТШ екі керемет Keenan миксерін сатып алды, онда мал рационын реттейтін бағдарлама бар, бұл өте керемет технология, сауатты түрде есептейді, бұл зоотехникалық қызметке үлкен көмек, - деді Валерий Новицкий. – Егер сауын сиырды азықтандыру жайлы айтатын болсақ,, қазір бізде өнімділік деңгейіне байланысты үш рацион бар. Биылғы жыл Қазақстанда жемшөп дайындау мәселесі қиын болып жатыр, бірақ біздің жаруашылық үшін қолайлы болуда, себебі бізде мал азығына қажетті барлық жем-шөп бар. Бұл өте қуантарлық жайт, бізде рационды жасау үшін барлық ингредиенттер бар. Жоғары өнімді рациондар бар: оларға ірі жемшөп кіреді - бұл жоңышқа пішені. Негізгі жемшөптер - жоңышқа шабындығы және жүгері сүрлемі. Құнарлы азыққа арпаның 20% -ы мен бидайдың 75% -ы кіреді. Ұсақталған жүгері, сондай-ақ үш түрлі - зығыр, рапс және күнбағыс. Түрлі фирмалар мен өндірушілердің қоспалары салынады.
Кәсіпорында ұрықтандыру жұмыстары әдетте екі жынысты тұқыммен жүргізіледі, бұл ретте ұрғашы сиыр мен бұқаның саны 50-де 50% болады. Бұл туралы бізге мал дәрігері - техник-малды ұрықтандырушы Жаслан Кәдірбаев айтты. Алдағы уақытта шаруашылықта бір жынысты тұқымды пайдалану жоспарлануда, бұл бұзау алуды 70-80 пайызға дейін ұлғайтып, жас төлдің санын арттырады. Шаруашылықта бір бұзау алуға қазір орташа есеппен екі доза тұқым кетеді. Бұл тәсіл арқылы бұзауларды алу 90-95%, олардың сақталуы 99%. Бұл өте жақсы көрсеткіш.
Бұзаулар екі айға дейін сүтпен азықтандырылады және бір-бірінен бөлек ұсталады, 75 кг салмаққа жеткеннен кейін малдарды басқаша азықтандыру басталып, базаларға ауысады. Базадағы төлдердің жалпы саны 1500 бас мал. Бұқаларды 400 кг дейін семіртіп, содан кейін сатамыз.
Тақырыпқа байланысты оқу: Арал маңындағы оазис, АгроКараван Сүт, 2 күн
Қазір фермада DeLavаl компаниясы шығарған сиырларды сауу құралдары қолданылады. Ол бір рет қосылғанда 36 сиырды сауып қана қоймай, алынған сүт көлемін жедел түрде есептейді.
МДТШ мал шаруашылығына цифрландыруды белсенді енгізуде. Фермада Uniform Agri сиырлардың табынын басқару бағдарламасы орнатылған, ол барлық ветеринариялық іс-шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама ұжымның еңбегін жеңілдетеді және сүт шаруашылығындағы қателіктерді болдырмауға мүмкіндік береді.
ЖОБА СЕРІКТЕСТЕРІ
ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ СҮТ ЖӘНЕ АРАЛАС ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАЛАТАСЫ