Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанда 12,5 млн тонна бидай өндірілетін болады
Биылғы құрғақ жаз Қазақстандағы өнімділік болжамдарына әсер етуде. 2021/22 маркетингтін жылы қазақстандық астық өндірісі бойынша болжамдардың төмендеуі Халықаралық астық кеңесінің маусым айындағы шолуында айтылды, ал шілде айында болжамдар тағы да 0,2 млн тоннаға төмендеп, 17,6 млн тоннаны құрады.
Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 1,6 млн тоннаға аз. Ішкі тұтыну тұрақты түрде 2,7 млн тонна деңгейінде сақталады. Бұл көрсеткішке сенімді түрде жетуге болады, ал экспортқа аз мөлшерде сатуға тура келеді. Шетелге жөнелту болжамы өткен аймен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға төмендеді. Яғни, біз 8,1 млн тоннаны ғана сата аламыз, бұл 2019/20 маусымының нәтижесінен жоғары емес.
Тақырыпқа қатысты оқу: Қазақстанда астық болжамы 1,1 млн тоннаға төмендеді
Дегенмен, жиналған қорлар көрсеткіші 0,5 млн-ға артты, сірә, экспорт үлесінің төмендеуіне байланысты болар, ол 1,5 млн тоннаны құрайды. Егер нәтижеге тек қазақстандық бидай бойынша қарайтын болсақ, өткен айдан бастап оны өндіру бойынша күтілетін мөлшер төмендеген жоқ, бұрынғы 12,5 млн тонна сол қалпында қалды. Алайда, экспорт бойынша болжам 0,5 млн тоннаға, 7-ден 6,5 млн тоннаға дейін төмендеді.
Ауыспалы түрде толықтырылып отыратын қорға 0,5 млн тонна астық қосылды, өткен жылдың көрсеткіштеріне - 1,2 млн тонна мөлшеріне қайта оралды.
Сонымен қатар, Ресейде де астық нарығына ауа-райының әсері ерекше байқалуда, бірнеше айдан бері алғаш рет астық өндірісі азайды. Шын мәнінде төмендеу шамалы - 0,9 млн тонна, жаңа күтілетін көрсеткіш 123,3 млн тонна. Бұл факті экспорт санына әсер еткен жоқ, олар 1,6 млн тоннаға өсіп, 47,8 млн тоннаға жетті. Әрине, бұл қордың деңгейіне әсер ете алмады, олардың көрсеткіші 0,9 млн тоннаға төмендеп, 14,2 млн тоннаға дейін жетті.
Ресейлік бидай өндірісі де аздап баяулап қалды. Осы айдағы болжам өткен жылғымен 81 млн тоннамен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға аз . Бұл ретте экспорт 0,8 млн тоннаға артып, 38,1 млн тоннаға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Ауыспалы қорлар 12,3 млн тоннаға дейін аздап азаяды.
Нарықтың жалпы жағдайы
2021/22 жылы астықтың барлық түрлерінің әлемдік өндірісі бойынша өткен айдан бастап 6 млн тоннаға төмендетілді, енді 2295 млн тоннаға тең. Оған Солтүстік Америкадағы құрғақшылық себеп болды.
Астық тұтынудың перспективалық көрсеткіші де 4 млн тоннаға төмендеді, себебі бір ай бұрын күтілген болжамға қарағанда азыққа деген сұраныс төмен болды.
Тақырыпқа қатысты оқу: Қазақстанда астық қоры төмендейді деп болжам айтылуда
Болжамдардың құлдырауына қарамастан, өнім әлі де рекордтық көрсеткіштерге жетті бұл өткен жылдың жалпы өндіріс көлемінен 3% -ға асады 2021/22 жылдың соңына қарай әлемдік астық қоры 3 млн тоннаға төмендеп, 594 млн тоннаға дейін жетеді, бұл өткен жылдың деңгейіне сай келеді.
2021/22 маусымында астық саудасын перспективалық бағалау 1 млн тоннаға артып, 419 млн тоннаға дейін ұлғайтылды. Бұған Қытайға арпа жөнелтілімінің артуы әсер етті.
Бидай
2021/22 маусымында жаһандық бидай өндірісінің көрсеткіші өткен айдан бастап 1,3 млн тоннаға азайып, 788,1 млн тоннаға дейін төмендеді. Аздап азаюының негізгі себебі Солтүстік Америкадағы құрғақшылық деп аталады.
Тақырыпқа қатысты оқу: Дәнді дақылдардың негізгі бөлігінің өсуі жақсы және қанағаттанарлық деңгейде
Жалпы алғанда, бұл көрсеткіш рекордты мөлшерде, бидай жақсы өнуде, өткен жылмен салыстырғанда өндіріс бірден 15 млн тоннаға артық болады деп болжануда.
Алайда тұтыну мөлшері 17 млн тоннаға көбейіп, 787,3 млн тоннаға дейін артады. Сондықтан, көріп отырғанымыздай, рекордтық бидай көрсеткіште жиналған өнімі өсіп келе жатқан халықтың қажеттіліктерін өтеуге жетпейді.
Өткен айдан бастап ауыспалы қорлар бойынша болжам 3 млн тоннадан астамға төмендеді және қазір өткен маусымның қорларымен салыстыруға болады, бұл көрсеткіш - 280 млн тоннаны құрайды.
Соя-бұршақ
2020/21 жылы бұршақ тұқымдарын сату бойынша болжам 4 млн тоннаға төмендеп, 168 млн тоннаға дейін жеткен болатын. Бұл Оңтүстік Америка елдерінен жөнелту қарқыны күтілгеннен әлдеқайда төмен болғандығына байланысты. 2021/22 жылы әлемдік өндірістің перспективалық көрсеткіштері бір айда 1,4 млн тоннаға төмендеп, 382 млн тоннаны құрады. Алайда, бұл көрсеткіш бәрібір рекордтық көрсеткіш. Ол өткен маусымның нәтижесінен 20 млн тоннаға дейін артық.
Тақырыпқа қатысты оқу: Болжам бойынша Қазақстанда осы жылы өнім былтырғы жылдан да нашар болады
Өткен айдан бері бұршақ тұқымдарын пайдалану көрсеткіші бұрынғыдай болғандықтан, ауыспалы қорлар бойынша болжам 54 млн тоннаға дейін өсті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% -ға артық. Ірі өндірушілер жақсы резервтер жасады. Сауданы бағалау өткен айдан бастап 1,9 млн тоннаға азайып, 172,4 млн тоннаға дейін төмендеді, дегенмен көрсеткіш ең жоғары деңгейде қалып отыр. Алдын ала бағалауды ескере отырып, бұршақ тұқымдарына әлемдік импорттық сұраныс артуда, бірінші кезекте бұл Азиядан сатып алу есебіне байланысты болуда.
Күріш
2020/21 жылы күріш саудасының көрсеткіші 46,5 млн тоннаны құрап, іс жүзінде өзгерген жоқ. Үнді экспортының артуы оның басқа жеткізушілерде төмендеуіне әкелді.
Тақырыпқа қатысты оқу: Қазақстанда күріш өндірісі төмендейді
Түрлі күріш өндірушілердің көрсеткіштеріндегі шағын түзетулер 2021/22 жылы өндірістің қорытынды санын 1 млн тоннаға түсіріп, 511 млн тоннаға дейін төмендеуіне әкелді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы 6 млн тоннадан артық болып, рекордтық көрсеткішке жетіп отыр.
Өндірістің ықтимал қысқаруы қор көрсеткіштеріне әсер еткен жоқ, бұрынғы сандар - 171 млн тонна болған еді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн тоннаға артық.
Жүгері
Болжам бойынша күтілетін мөлшер бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетіп, жүгері өндірісі 2021/22 жылы бір айда 1 млн тоннаға өсіп, 1202 млн тоннаны құрады. Мұндай көлемдер өткен маусымның көрсеткіштерінен 74 млн тоннаға артық болып, қазір олар жалпы астық өндіру бойынша болжамдардың негізгі өсуін қамтамасыз етеді.
Тақырыпқа қатысты оқу: Ауыл шаруашылығының министрлігі мажар селекциясының жүгері тұқымын өндіруді қолдайды
Жүгеріні тұтыну көрсеткіші 1,6 млн тоннаға төмендеді, бірақ бәрібір жиналған қор мөлшері жақсы деңгейде - 1199,4 млн тонна болды.
Дақылдар экспорты да өткен айда 0,5 млн тоннаға төмендеп, 180,5 млн тоннаға дейін азайды. Осының есебінен ауыспалы қорлар біршама өсті. Олар 270,3 млн тоннаға жетіп, 3,3 млн тонна қосылды.