ҚР-да жемшөп дақылдары егілетін алқаптардың көлемі екі есеге ұлғаяды

Қазақстанда жем-шөп дақылдары себілетін ауыспалы егістік аймағын арттыруды, сондай-ақ жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды бақылау күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді.

«Ауа райы факторларының ауыл шаруашылығы өндірісіне және мал шаруашылығының азықтық базасын дамытуға әсерін төмендету мақсатында егіншілікті әртараптандыру шаралары жасалуы тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығы өндірушілері арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ жер пайдаланушылардың жалға алу келісімшарттары аясында қабылданған міндеттемелерді орындауын бақылайтын тәсілдер дайындалатын болады», - деді АШМ басшысы.

Аталған бақылау жұмыстарында заманауи цифрлық технологиялар, ғарыштық мониторинг және әртараптандыру процесін мемлекеттік реттеу шаралары пайдаланылатын болады.

Оның нәтижесінде жем-шөп дақылдарын өсіретін алқаптар, олардың ауыспалы егістегі үлесі ғылыми негізделген нормаларға дейін жеткізіле отырып, кемінде екі есеге ұлғаяды деп күтілуде.

Сонымен қатар, жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында бақылаудың жаңа әдістерінің мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары пайдаланылатын болады.

«Сондай-ақ, жайылымдық жерлердің сапасы барынша жақсартылатын болады, оларды суландырудың неғұрлым тиімді тәсілдерін қолдану арқылы жаңа жайылымдық жерлерді айналымға енгізу арқылы жаңа тәсілдер әзірленіп, қолданылатын болады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Тақырыпқа байласты оқу«Жем-шөп мәселесі күрделі болуда»

Жақын күндері ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «шаруалардың мал жаятын жерге қолы жетпей жүргендігін айтты, өйткені, мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп алған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған». Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс екендігін ескертті. 

Сондай-ақ, Президент жедел шаралармен қолайсыз ауа райы салдарынан азықпен қамтамасыз ету жағдайын тұрақтандыру мүмкін болғанын атап өтті. Бірақ осы салада жүйелі іс-қимылдарды одан әрі қабылдау қажеттігін айтты.

Президент өз сөзінде қолайсыз ауа райы салдарынан күрделенген мал азығымен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты жедел түрде тиісті шаралардың жасалғанын атап өтті. Бірақ осы салада жүйелі түрде жұмыс істеуді одан әрі жалғастыру қажет екендігін ескертті.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.