Ауыл шаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алуға 500 млрд теңге қажет

Ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық жолмен сатып алуды пайдалану Қазақстан фермерлерін қолдаудың, сондай-ақ елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді бір жолы болуы мүмкін. Бұл ақпаратты Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басқарма төрағасы Толеутай Рахимбеков өзінің Facebook парақшасында жазды.

Ғалымның айтуы бойынша, бұл мәселені ол соңғы 3-4 жыл бойы зерттеп келеді. Шекаралардың жабылуына және азық-түлік экспортына салынған шектеулерге байланысты нарықтағы жағдайдың қалыптасуы осыған дейін істелген жұмыстардың  дұрыстығын көрсетті. Бір жылдың ішінде сұраныс пен ұсыныстың тең болмауы бағаның біресе жоғары, біресе төмен құлдырауына әкеліп соқтыратыны айқын байқалды. Бұл өндірушілерге да, сатып алушыларға да тиімді емес. Ал қазіргі жағдайда, халықтың табысы азайған кезде, баға өссе мәселе тек экономикалық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік те болуы мүмкін. Елдегі негізгі азық-түлік бағасын тұрақты ету қоғамдағы қиын жағдайды шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Үкіметі бекіткен әлеуметтік маңызы бар тауарларға 19 азық-түлік кірді. Мемлекеттік бюджетте өндірушілердің дотациясы арқылы олардың қымбаттауын тежеу үшін ақша жетіспейді, деп атап өтті ҰАҒБО басшысы.

Ғалымның ойынша, бұл жағдайдан шығудың бір жолы -республикалық және жергілікті тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға «Азық-түлік корпорации»  қорларын қатыстыру. Өткен жылдары  мемлекеттік құрылым еліміздің аграршыларын қолдау үшін, олардың  егістік жұмыстарына форвардты астық сатып алу арқылы оларға ыңғайлы шартпен  несие берді. Алайда, үш жыл бұрын жеткілікті қаражат көлемінің болмауы себебінен бұл әдістен бас тартқан еді. Қазіргі уақытта да қаржы жетіспеуде.

Тақырыпты оқу: ҚазАТУ  ғалымдары өнім шығынын қалай қысқарту керектігін айтты

«Биылғы жылы республикалық бюджетте астық сатып алу үшін «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 25 млрд теңге қарастырылған. Шындығында бұл өте аз қаражат. Бүгінгі күні астықтың бағасы 4-сыныпты бидайдың тоннасына 88 мың теңге және 3-сыныпты бидайдың тоннасына 93 мың теңге мөлшерінде. Бюджеттен бөлінген ақшаға тек 270-285 мың тонна ғана сатып алуға болады, ал азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ФАО ұсынысы бойынша мемлекеттің кем дегенде екі айлық астық қоры және азық-түліктің басқа да түрлері болуы тиіс. Бұл дегеніміз, Қазақстандағы астық қорының көлемі шамамен екі есе артық болуы тиіс. Ал қазір  көкөніс, жеміс - жидек, ет, сүт өнімдері, жарма, қант, өсімдік майы және т.б. қор туралы ойластыру керек», - деп атап өтті Толеутай Рахымбеков.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» басшылығымен және ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының директорларымен кеңескеннен кейін ҰАҒБО басшысы жылына 500 млрд.теңгеге дейінгі сомаға коммерциялық кредиттер алу арқылы мәселені шешуді ұсынды. Банк пайызы тым жоғары және барлық схема тиімсіз. Сондықтан ғалым осы несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені жылдық 4% - ға дейін субсидиялауды ұсынды, қазір мемлекет лизинг бойынша кредиттерді субсидиялайды.

Толеутай Рақымбековтың есептеуі бойынша, бұл мәселені шешуге  жылына 50 млрд теңге қажет. Ол бұл соманы табу үшін, субсидиялардың қиын шарттарын  оңтайландыра отырып, оның бесеуін ғана қалдырып,  «КазАгро» несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін 2-4% - ға дейін төмендетуді, ЖЖМ құнын 200-ден 100 теңге/литріне дейін азайтуды; мал шаруашылығындағы жем шығындарының жартысын өтеуді; ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін жабдықтар сатып алу кезінде 50% мөлшерлеме бойынша инвестсубсидиялауды; өз пайшыларына ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қызметтерін субсидиялауды ұсынып отыр.

«Мен ұсынған субсидиялардың бес түріне 300 млрд теңге қажет. Бүгінде бюджеттен ауыл шаруашылығын қоса есептегенде АӨК-ті субсидиялауға 350 млрд теңге бөлінеді, одан қалған 50 млрд теңгені «Азық түлік келісім шарт корпорациясы» несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жіберуге болады, бұл оған 500 млрд теңгеге жуық несие алуға мүмкіндік береді», - деп есептейді ҰАҒБО басшысы.

Форвардтық сатып алу арқылы бірнеше мәселені   шешуге болады:

  • Біріншіден, өнімді кепілді өткізу арқылы шағын фермерлер мен шаруа қожалықтарын қолдауды қамтамасыз етеді.
  • Екіншіден, тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  • Үшіншіден, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорындарға  белгіленген бағамен тауар жеткізуге болады.

Тақырыпты оқу: Қазақстан аграршыларды дағдарыс кезінде қалай қолдады

Сонымен қатар, мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын қолдау үшін жем-шөп қорын, сондай-ақ шаруаларды сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін қор жасау мүмкіндігі пайда болады.

Толеутай Рақымбековтың пікірінше, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясына» шетелдік және отандық банктер несие беруге ниет танытуы мүмкін.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы сияқты белгілі мекемемен жұмыс істеу кімге болса да өте пайдалы», - деп ойын түйіндеді ол.

 

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.