Қонақбаева Адина Сайынқызы

«DARQAN DALA АНК» ЖШС директоры
330
Жасы: 44 жаста

Адина Қонақбаеваның Facebook-тегі профилі

Карьерасы

Адина Қонақбаева «Дарқан Дала» компаниясының басшысы.

Цитаталары

«Біздің компания (Дарқан Дала) алты жылдан бері елдің аграрлық саласына минералды тыңайтқыштар жеткізумен айналысып келе жатыр. Сатылым көлемін жыл сайын ұлғайтып келеміз, басты ұстанымымыз сатылымнан пайда табу ғана емес, әр фермердің алдында беделге ие жауапты да сенімді серіктес болу. Еліміздегі минералды тыңайтқыштарды тұтыну мәдениеті бізге де байланысты. Осыны түсінгендіктен де, 2017 жылдан бастап семинар-кеңестер өткізе бастадық. «Дарқан Дала» сауда үйінің, «ФосАгро», «Ростсельмаш» және   IPNI халықаралық сарапшыларының бірлескен жұмысы еңбек өнімділігін арттыруға және Қазақстанның барлық сұранысқа ие ауылшаруашылық өнімдерінің ішкі және экспорттық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмектесетініне сенімдіміз.» (2018 ж. қаңтар).

 

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021