Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Дарқан Дала компаниясы Қостанайда агрохимиялық зертхана ашады
2020 жылы «Дарқан Дала» компаниясы Қостанайда топырақ құрамын зерттейтін агрохимиялық зертхана ашуды жоспарлап отыр.
Бұл ақпаратты AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесінде компанияның сату жөніндегі менеджері Наурызбек Түсіпбаев айтты.
Маманның айтуы бойынша зертхана топырақ сынамасын жүргізіп, агрохимиялық сараптама жасайтын болады.
«Сонымен қатар биылғы жылы тыңайтқыштарды егін еккенге дейін топыраққа салса, қалай болатындығын аграршыларға көрсеткіміз келеді және егістік алқаптарына оцифровка жүргізу үшін геопорталды іске қосамыз», — деді Наурызбек Түсіпбаев.
«Дарқан Дала» компаниясы Қазақстан нарығында минералды тыңайтқыштарды сату бойынша ең ірі жеткізушілердің бірі және «ҚазАзот» компаниясының ресми дистрибьюторы болып табылады.
«ҚазАзот» компаниясы бас директорының корпоративтік даму жөніндегі орынбасары Тахмина Нагуманованың айтуынша, Қазақстанда минералдық тыңайтқыштарды тұтыну деңгейі басқа елдермен салыстырғанда төмен, бірақ оларды пайдалану көлеміне қатысты жақсы өзгерістер болуда.
«Ең негізгі мәселе біздің себетін тыңайтқыштардың санында емес, аграршылардың өсімдікке қосатын сапалы қоректендіруінде болып табылады. Мұндай тәсілдің маңыздылығын түсіне отырып, біз серіктес компанияның агрохимиялық зертхана ашу жұмысын толық қолдаймыз, бұл аграршыларға тыңайтқыштарды сауатты, дұрыс қолдануға көмектеседі», — дейді Тахмина Нагуманова.
Анықтама. «Дарқан Дала» — әр түрлі қызмет түрлерімен айналысатын агрохимиялық компания: тыңайтқыштар сату, алқаптарды цифрландыру, агрохимиялық зерттеулер жүргізу, әр тұтынушы үшін өсіретін өсімдік түріне қарай тыңайтқыш дайындайды. Компания 2012 жылдан бастап жұмыс істейді және минералдық тыңайтқыштар сату бойынша ҚР нарығының шамамен 70-80% - ын алады.
«ҚазАзот» — еліміздегі азот минералды тыңайтқыштарды шығаратын жалғыз компания. Жылына 330 мың тонна аммиак селитрасын өндіреді. Өнімді РФ, Украина, Қырғызстан және басқа елдерге экспорттайды.