Ұн экспортына салынған тыйым жақын уақытта алынып тасталуы мүмкін-дейді сарапшылар

«Азық түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК Ақмола облысында бидайды форвардтық тәсілмен сатып алу бойынша көктемгі-жазғы қаржыландыру жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп жазды «КазахЗерно.kz».

 Хабарламада айтылғандай, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерді қолдау мақсатында 3 сұрыпты бидайды екінші деңгейлі банктердің немесе  «Есіл» ӘКК кепілдемесі арқылы сатып алатын болады.

Ақмола облысындағы егіс жұмыстары басталғанға дейін жергілікті аграршылардың келесідей таңдау жасауларына болады:ұлттық компаниядан алдын ала төлем алу немесе өздерінің астықтарын нарықта сату. Ақмола облысы шаруашылықтарының кейбіреуінде  тұқымдары проблемалы болғандықтан, бірінші нұсқа олар үшін қолайлы болып табылады.

Айта кетсек, 2019 жылдың күзінде «Азық түлік келісім шарт корпорациясы» жиналған бидайдың 172 мың тоннасын сатып алған еді. Оның 120 мың тоннасы үшінші сұрыпты 85 мың теңге/т және 52 мың тоннасы төртінші сұрыпты  80 мың теңге/т бағамен сатып алды.

Ақпаратта айтылғандай, 2020 жылы Ақмола аграршылары 4,9 млн га жерге жаздық дақыл себуді жоспарлап  отыр, оның ішінде 4,4 млн, га жерге дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егу жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Аграрлық несие корпорациясы АӨК-ті қолдау үшін республикалық бюджеттен 70 млрд теңге мөлшерінде несие бөлген.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер 2020 жылдың соңына дейін жер салығынан босатылатыны айтылған еді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.